Қоғам

Ресейде маймыл шешегін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен бес адам ауруханаға жатқызылды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысында маймыл шешегін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен бес адам ауруханаға жеткізілді.

Фото: ашық дереккөз

Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Бұл туралы РБК басылымы хабарлады.

Ресейдің Тұтынушылар құқығын қорғау және адам әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералдық қызметі (Роспотребнадзор) эпидемиологиялық тексеруді бастады. Мамандар науқаспен байланыста болған адамдарды анықтап жатыр. Сонымен қатар тиісті орындарға дезинфекция жүргізу туралы нұсқама берілген.

Вирусты анықтау үшін арнайы тест-жүйелер қолданылады. Қазіргі уақытта тексеру жалғасып жатыр, ал жағдай ведомствоның бақылауында.

Сайт Әкімшілігі