Қоғам

Ресейдің Краснодар өлкесіне түнде жасалған дрон шабуылынан екі бала қаза тапты

Бұл туралы аймақ губернаторы Вениамин Кондратьев мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

Оның айтуынша, Краснодар қаласында дронның сынықтары жеке балалар орталығына құлаған. Соның салдарынан екі бала көз жұмып, тағы жеті бала жарақат алған. Сонымен қатар екі ересек адам зардап шеккен. Шабуылдан көпқабатты тұрғын үйлер де бүлінген. Бұдан бөлек, дрон сынықтары қойма аумағына түсіп, өрт шыққан.

Алғашқы ақпараттарда қоймада ірі өрт болғаны айтылды. Кейбір ресейлік және украиналық Telegram-арналар нысанның атауына қатысты түрлі мәлімет таратты. Кейін жергілікті БАҚ қойма Ozon логистикалық орталығына тиесілі болғанын хабарлады. Компания қызметкерлердің эвакуацияланғанын және нысан жұмысы уақытша тоқтатылғанын растады.

Шабуылдың нақты себептері мен барлық келтірілген шығын көлемі әзірге нақтыланып жатыр.

Сайт Әкімшілігі