Саясат

Ресейдің Запорожье облысына шабуылынан кемінде 13 адам жараланды

Ресей әскері кейінгі тәулікте Украинаның Запорожье облысындағы 51 елді мекенге 932 соққы жасады. Салдарынан кемінде 13 адам, оның ішінде бір бала жараланды.

Fоtо: AFP/Scanpix/LETA

Бұл туралы Запорожье облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Иван Федоров мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей әскері Комишуваха, Магдалиновка, Таврия, Юрковка, Богатыровка, Благодатное, Рыбальское, Новое Поле, Малая Токмачка, Красный Яр, Бабашаха, Широкое, Даниловка, Тимошевка, Копани, Долинка, Свобода және Новопавловка елді мекендеріне 23 әуе соққысын жасаған.

Сонымен қатар Запорожье, Балабино, Малокатериновка, Калиновка, Речное, Новояковлевка, Беленькое, Каневское және өзге де елді мекендерге түрлі үлгідегі, негізінен FPV дрондарының 659 шабуылы тіркелген.

Жергілікті билік тұрғын үйлерге, инфрақұрылым нысандарына, автокөліктер мен шаруашылық құрылыстарына зақым келгені туралы 42 хабарлама түскенін мәлімдеді.

Херсон облысында Ресейдің Нововоронцовка ауылына жасаған артиллериялық шабуылы салдарынан 98 жастағы әйел қаза тапты. Бұл туралы Херсон облыстық прокуратурасы хабарлады.

Соңғы тәулікте Херсон, Антоновка, Приднепровское және Садовое елді мекендері де шабуылға ұшырады. Соның салдарынан жеке және көпқабатты тұрғын үйлер, медициналық мекеме, азаматтық автокөліктер мен қоғамдық көлік зақымданып, 17 адам жараланған.

Сайт Әкімшілігі