Қоғам

Ресейлік әскери Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен

Бөкейорда аудандық сотының мәліметінше, ер адам Ресей Қарулы күштерінде әскери қызмет атқарған.

Фото: ашық дереккөз

Алайда 2025 жылдың шілдесінде әскери бөлімді өз бетінше тастап, ресейлік құқық қорғау органдарынан бір жылға жуық уақыт бойы жасырынған.

2026 жылдың мамырында ол онлайн-карталар арқылы бағытты зерттеп, Қазақстан шекарасын ресми өткізу бекетін айналып өтіп, жаяу заңсыз кесіп өткен. Кейін Оралға, одан соң Таразға барған. Сол жерден басқа елге шығуды жоспарлаған.

Таразда ер адамды ҰҚК қызметкерлері ұстады. Сот оны мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танып, 865 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Сондай-ақ Қазақстаннан шығарып жіберу және елге бес жылға кіруге тыйым салу туралы шешім қабылданған.

Алайда рақымшылыққа байланысты ол айыппұл төлеуден босатылды. Ал елден шығару және бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салу жазалары күшінде қалды. 

Сайт Әкімшілігі