Қазақстандағы туристер коронавирус жұқтырды деген ақпарат тарады
Қазақстанға келген ресейлік туристер арасында жаппай ауру тараған деген ақпарат тарады.
Аталмыш хабарламадан кейін Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғау және адам әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералдық қызметі (Роспотребнадзор) түсініктеме берді.
Ведомство коронавирустың "Стратус" деп аталатын жаңа штамы пайда болды деген ақпаратты жоққа шығарды. Мамандардың мәліметінше, XFG нұсқасы 2025 жылғы қаңтардан бері белгілі және тұрақты бақылауда.
Алайда Роспотребнадзор Қазақстанға сапарлаған ресейлік туристердің арасында коронавирус жұқтыру деректері шынымен жаппай тіркеліп жатқан-жатпағанын нақтыламады.
Мамандар жұртшылықты дүрбелеңге берілмеуге шақырып, жағдайды бақылауды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.