Қоғам

Республика күніне орай Қазақстанда 200 ге жуық жаңа әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік нысандар ашылуда

Республика күніне орай бүкіл еліміз бойынша ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап әлеуметтік, спорттық және инфрақұрылымдық жобаларға дейін 196 жаңа нысан пайдалануға беріледі.

Фото: ашық дереккөз

Олардың барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда.

Сайт Әкімшілігі