Резонанс (видео)
Арон АТАБЕК – ақын, диссидент, публицист. 1953жылы Ресей Федерациясы құрамындағы Қалмақ АССР-да дүниеге келген.
Атасы Атабекрепрессияға ұшыраған. 2006 жылғы «Шаңырақ оқиғасына» байланысты 18 жылғасотталған. Жаппай тәртіпсіздіктіұйымдастырды, қасақаны кісі өлтірді деген айыптар да тағылды.
Ақын 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан.Махамбет өлеңдерін орыс тіліне аударған. 2010 жылы «Назарбаевщина и революция»мақаласы үшін «Тұтқындағы шығармашылық иесі» номинациясы бойынша Freedom toCreate халықаралық сыйлығына ие болды. Халықаралық ұйымдар Арон Атабекті саяситұтқын деп есептейді.
Биыл 66 жасқа толған диссидент түрме әдебиетініңөкілі. Темір тордың арғы жағыннан сәті түскен өлеңдері еркіндікке шығып жатады. «ЖасАЛАШ»оқырмандарына ақынның 60 жасқа толғанда жазған өлеңін ұсынбақ.Резонанс өлеңін ұлы Асқар АЙДАРХАН әкесінің мерей тойына орай өткеншығармашылық кеште оқыған еді.
Фото: suomenpen.fi