Өңір

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ. Қара қобдиша

Күнделіктікүйбең тірліктен титықтап, үй шаруасына бет бұрудан қалған Насихат демалыс күніболса да төсектен күндегідей уақытта тұрды.

Jasalash.kz

Аздап сырқаттанып жүрген. Онысынбаптай берсе баспанасы иесіз үйге ұқсап қалатын түрі бар. Басына шешесіненқалған орамалын түйіп алып, тазалықты қай бөлмеден бастарын білмей сәл кідірді.Сон-соң көзге кірпідей тиген заттардың бәрін балконға тастай беретінін есінеалып, жұмыстың ауырына кірісейін деген ойға тоқталды. Алақандай аумақта инешанышар орын жоқ. Есік алдында тұрып, қолға ілінген заттарды кезегімен кеңбөлмеге тасыды. Әрқайсысына қабат-қабат шаң жабысып, сілкігенде айналаны түгелағартып жіберетіндей кірлеген. Осылай тұрғанда 1996 жылдары сәнге айналған,санмен құлыпталатын қара қобдишаға көзі түсті. Жанына отырды да, былғарытерісін ерекше сезіммен сүртіп, бірнеше рет ашып-жапты. Сол дыбыс өткен күнніңестеліктерінен сыр шертетін секілді. Ішіне біраз дүние сыйып кететін қобдишақұшағына бұл бума толы ақша салып, тауарға кететін.

Насихатмектеп бітірген соң тарихшы болуды көздеп, Алматыға оқуға түсті. 1994-тіңжазында қолға диплом алып, елге оралды. Жұмыс табуда қиналған жоқ. Себебі бұлкезде елде жоғарғы оқу орынында білім алғандардың қарасы көп емес-тін. Бірнешекүннен кейін-ақ жергілікті радиокорпарацияға корреспандент болып жұмысқақабылданды. Репортерді иығына асып, қаладағы барлық мекемені аралап, сұқбаталып жүретін. Одан қалса кешкілік радиодан сөйлейтіні тағы бар. Жіңішке, қатқанқара қыздың еңбексүйгіштігін, көңілінің ақтығын байқаған басшы да бұғанбасқалардан бөлек қарайтын. Оңашада: "Қызым,сенің талағыңда битің бар баласың. Жан дүниеңді таза ұста. Адами болмысыңнанайырылма. Аналарға жуыма, кабинеттеріне кірме", – деген сөзін Насихат көпуақыт түсінбей жүргені рас. Сосын басқа әріптестерінен алшақ жүретінді шығарды.Қазір жол көрсеткен ағасының не айтқысы келгенін ұққан секілді.

Көп уақытөтпей Насихатқа жеткен суыт жаңалық еңсесін езіп жіберді. Келешекке деп жасағанжоспарының күл-талқанын шығарды. Әкесі айықпас дертке ұшыраған еді.Жұмысындағылар: «Бәрі жақсы болады. Жұмысыңа алаңдама. Әкеңнің жанындабол. Сырқатынан айыққан соң қайта ораларсың», – деп шығарып салды. Алайдабірнеше сағатта жүйіткіп, туған елге жеткізетін пойыз он шақты қараша үй тиегентүйе секілді баспай келеді. Осы кезге дейін қанаттыға қақтырмай бой жеткізгенәкесінің әрбір жақсылығы, жылы көңілі жүрегін елжіретіп, тағат таптырмайкеледі. Елге аман-есен оралып, әкесінің аянышты хәлін көргендегі Насихат мүлдебөлек адам еді. Ауруханада әке керуетінің жанында оның амандығын тілеумен қаншакүн өткізгені белгісіз, қайтарымы болмады. Беті бір сәт те бері қарамай,келмеске кетті. Өлгеннің артынан өлмек жоқ. Өрімдей қыз анасымен бірге ботадайбоздап, торқалы жерлеуін өткізді. Бұдан соң бауырларына анасын аманаттап,қайтадан қалаға, жұмысын кетті.

Адам баласыүшін ет жақынынан айырылғаннан асқан қайғы жоқ шығар, сірә. Әсіресе ата-анаданмәңгіге жырақтау балаға тозақпен бірдей көрінетіні бар. Насихаттың тап бұндайжағдайға ұшырайытыны үш ұйықтаса түсіне кірмеген еді. Алайда бірнеше айданкейін ауылдан тағы бір көңілсіз хабар жетті. Анасы жалғызсырап жүрген көрінеді.Аздап ауруға да ыңғай берген. Жұмысын тастап, анасының қасына барып еді, тағдырғой, көп ұзамай ол да жарының артынан жүріп кетті.

Қос қазаныңауырлығы басылмаса да бойжеткеннің мойнында тағы бір жүктің ауырлығы сезілетін.Кеше ғана қалаға оқуға түскен сіңлісі мен інісін қалай да өсіріп, жеткізуміндеті тұр. Ер жетіп қалған інісін қара шаңыраққа тастап, ізінен ергенқаракөзді оқуға жіберді. Бірақ университетке төлейтін оқу ақысын табу бөлекмәселе. «Жыртық үйдің құдайы бар» дегендей үлкен шаһардағы музейгежұмыс ауыстырып, жұрт қатарлы өмірге қол жеткізеді. Бірақ бұл тұста көпшіліктіңбірқалыпты өмірі жоқшылықпен пара-пар болатын. Зауыттарда жұмыс істейтіндергежалақы орнына сатуға жарайтын заттар берілетін. Мұнда жұмыс істейтін қалалықтаркөп болғандықтан, ақшасын бұйым-заттарға садақа қылатындар да көп емес. Тіптімемлекеттік қызметте жүрген Насихат та бірнеше айлап еңбекақысын ала алмайтын.Ондаған шақырым қашықтықта орналасқан үйінен қатынаса да, сіңілін оқытып,тоқытты. Бірақ бауырларына тойдырып тамақ жегізе алмағасын базарда саудажасауды ойға алды. Жақын-жуықтары абыройлы орнында қызметін жалғастырып,базарға шықпауына кеңес берді. Дегенен көнбеді, ол үшін қорқынышты нәрсеніңбәрі артта қалған тұғын.

Бірінші күніаздаған «албини», «пикник», «луна» секілдітәттілерді сатудан бастаған бойжеткен көп көзінен ұялғаны жасырын емес. Алдынақойған үстел үстіне заттарды ерекше әдемілікпен орналастырып, тез-тез сатыпжібереді. Бұнысына шындап қуанышты. Жүгіріп барып, көтерме дүкеннен тағы бірқалта тәттілерді арқалап қайта келеді. Үстіндегі пайдасын азық-түлік түрінкөбейтуге салып, бірнеше айдан кейін шатыр астынан жеке орын да алып үлгерді. Бірақкәсіпкерлікпен айналысу оңай шаруа еместігін ұқты. Себебі қақаған қыста денесіқалшылдап, жаздағы аптапта жан сауғалау жанды қинайтын. Оның үстіне ара-тұратаяу шетелдерден зат тасуға кейбір менмін деген жігіттердің табандылығы жетпейқалатын. Ал бұл базардағы әріптестерімен Сібір, Омбы қалалары мен Польшаелдерінен тауар таситын. Қара қобдишаны да осы кезде сатып алған. Бірнешесандармен құлыпталатын бұндай қара сөмке ұстайтындар қалада көп болмағанымен,сән әлемінде ең танымалы еді. Насихат бұның сұқкөзділердің назарына ілінетінінбілсе де, ақша тасу үшін алған. Алда-жалда қолды болып, ұрылар арамен кессе деқалыбын жоғалтпайтын сөмке осындай сапарларға сұранып-ақ тұр.

Қыстың біраязды күні бойжеткен базардағы аға-әпкелерімен бірге сапарға шықты.Араларындағы ең жасы өзі. Теміржол тұлпарына мініп, орналасып алғансапарластары ақ шөлмектің қалпағын қайырып, мейрамдататыны бар.

– Қызым, кел,жол бой «жылынып» отырайық, жаурап қаласың, – деді толықша келгенсарыжүз әйел.

– Мұндайғаәуестігім жоқ, рақмет апай.

– Онда бізсәл әңгіме айтамыз, сен ақшамызды күзетесің, – деп барлығы сөмкелерін Насихатотырған орындықтың жүк салғышына тастай салды. Діттеген қалаға жеткен соңбарлығы базарда тарыдай шашырап, керек заттарын саудалауға кетті. Бұрыннансаудамен айналысатында елге қайтарда үлкен жүк көлігін жалдап, қыздыжүргізушімен бірге қайтаруды жоспарлаған. Сондағысы: «Жолда кездесетінтәртіп сақшылары сұлу қыздан ақша сұрамайды ғой», – деген сылтаулары ғана.Бойжеткеннің бұған көнбеске амалы жоқ. Жол ұзақ болғанымен, жүргізуші егдетартқан, әңгімешіл, қамқор қария еді. Тауарға келсе ылғи осы адамға қолқасалатын, бұлар. Әр келген сайын жүргізуші: "Қызым, айналайын, ауыр затарқалап, суыққа бой беріп жүрсің. Теңіңді тауып, тезірек тұрмысқа шық", –деп ақылын айтудан жалықпайды.

Бұл ақпанайының ортасы болатын. Аязды күн айбарын көрсетіп, боран басқан көне жолүстінде жүйіткіп келе жатқан көлік кілт тоқтап, жүрмей қалды. Қария көлікқозғалтқышын әрі-бері қозғап еді, мұнысынан түк шықпады.

– Балам,бұлай отыра бергеніміз жарамайды. Салқын бізді аяйын деп тұрған жоқ, – деп иығынаасқан тонын қыздың аяғына жапты. – Жақын маңда елдімекен болса, көлік алыпкелемін.

АлНасихаттың аузына «Абай болыңыз» дегеннен басқа сөз түспеді.Жүргізуші ақ боран арасына сүңгіп кеткеннен кейін де жаңағы сөзді біршама уақытқайталаумен болды. Уілдеген желдің дауысы қасқырдың ұлыған үнімен қатарласып,терезені тепкілеген уыс қар қыздың суық денесін одан сайын тоңдырып барады.Бүкіл өмірі көз алдында бір сәттік кино үзіндісіндей зулап өтіп, біреудіңсүйіктісі, кішкентайдың анасы бола алмай, осы жерде жан тапсырамын ба депқорқады. Әке-шешесінің аманаты, қос бауырын жеткізе алмадым ба деп өкінеді.Аппақ жүзі көз жасының лебімен жылынып, ұйықтап кеткенін байқамай қалды. Бірмезетте құлақ тұндыратын жүк көлігінің дауысынан көзін ашты, айнала жап-жарық.Жанашыр қария қанша уақыт жоқ болғаны белгісіз, әйтеуір көліктің ретін тауыпәкеліпті. Бойжеткен бұрын бұлай қуанбаған болар. Қарияның алдынан жүгіріпшығып, құшақтай кетті. Бұл жолы қуаныштың көз жасына малынып, алғысын жаудыраберді. Жүргізуші: «Бәрін таста, қызым. Енді бұлай жүрме», – дегенсөзін кезекті рет қайталады.

Артыншакелген көліктің иесі бұл қарияға мүлде ұқсамайды екен. Бұзылған камаздағызаттарды әліне қарамай тасып жатқан қызды аямақ түгілі, әлсін-әлсін шылымтартып, әндететінін қайтерсің? Жәшік толы сүт, балық консервлері, тағысын тағыбазардағылардың тауарын тасуға көмектескісі келген қызды жолатпады. Әйтпесе Насихаттікіжеңіл-желпі тәттілер ғана ғой. Заттарды толық тиеп болғаннан кейін қариябойжеткенді жүргелі тұрған көлікке отырғызып, өзін алып кетуге адамдар кележатқанын айтты. Көріскен сайын айтатын ақылын тағы бір мәрте құлағына құйып,қалып қойды.

Көлік өзітұратын базардың қоймасына жеткенде бұны күтіп тұрғандардың қарасы қалың еді.Түрлеріне қарап түнде ұйықтамағанын, кейбірінің жылағаннан көзін ісік алғанынбұл анық байқады. Шамасы осында түнегенге ұқсайды. Көліктен түсе салысымен,барлығы у-шуға салып, бойжеткеннің аман жеткеніне қуануда. Кейбірі көліктегізаттарды түгендеп: "Қарашы, заттар да бүтін", – деп қаршадай қызғаризашылықтарын білдіруде. Бұларды да түсінуге болады. Бала-шағаның нәпақасынбазардағы көзге көрінбес соғыстан айырып алып отыр. Неге десеңіз бітпейтінтексерісі бар милиция қызметкерлері, салықшылар, рекеттер мен бопсалаушылардыңдәурені жүріп тұрған кезде ақша табу дегеніңіз… Насихат та ізіне ергенбауырларын азықтан тарықтырмай, оқуының ақысын осы базарда еңбектеніп тауып жүр.Бірақ денсаулығын сарп еткендер де жоқ емес.

Осыдан соңНасихат базардағы тірлігін тастап, жалақысы жақсы жұмысқа тұрды. Кейініректұрмыс құрып, торсықтай екі ұлды дүниеге әкелді.

– Қазіротбасыммен бірге біреуден кем, біреуден артық өмір сүріп жатыр екенмін-ау. Өмірдің ащысы мен тұщысының да дəмін тату керек дегенрас. Берілген сынаққа төзіп, табандылық танытқандар ғана шын бақытқа кезігедіекен. Бәріне шүкір! – деді де қара қобдишаны сүртіп, сандық түбіне салды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега