Қоғам

Ринат Заитов «жалған ақпарат таратқаны үшін» сотталғандарға рақымшылық жасауды ұсынды

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Қылмыстық кодекстің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша жауапқа тартылған азаматтарды рақымшылыққа қосуды ұсынды.

Фото: из открытых источников

Ол Мәжілістегі талқылау барысында жұмыс тобы түрлі ұсыныстар енгізгенімен, оларды қолдаған құзырлы органдар табылмағанын айтты.

Соған қарамастан депутат әріптестерін аталған бап бойынша сотталып жатқан азаматтарға рақымшылық жасау мәселесінде бірігуге шақырды. 

«Бізде әлеуметтік желідегі пікірлері үшін сотталып жатқан адамдар бар. Әріптестерімді Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жауапқа тартылған азаматтарды рақымшылыққа енгізуге қолдау көрсетуге шақырамын», - деді Зайытов.

Сайт Әкімшілігі