Қоғам

Ринат Зайытов ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы болып тағайындалды

Мәжілістің бұрынғы депутаты, белгілі айтыскер Ринат Зайытов Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы болып тағайындалды.

Фото ашық дереккөз

Ол бұл туралы YouTube желісіндегі Adal ADAM арнасына берген сұхбатында айтты. Айтуынша, қазан айының басында Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов оған жаңа қызмет ұсынған.

Енді Ринат Зайытов әскери ансамбль мен оркестрдің жұмысын үйлестіріп, патриоттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатын орталыққа жетекшілік етеді.

Бұған дейін ол театр саласында еңбек еткен. Ал 2023–2026 жылдары Мәжіліс депутаты болды.

Сайт Әкімшілігі