Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды
Бұл туралы Ақордагың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Ол премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды.