С.Нұрғисаев: Шенеуніктің балалары шенеунік болмайды деген заң жоқ
Алматы облысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резервінеүміткерлердің құжатын қабылдау басталды.
Мемлекеттік қызмет істеріАгенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті хабарлағандай, бүгінгікүні 2 мыңға жуық жетуісулық жас мемлекеттік қызметке араласқысы келетінінайтып, өтініш білдірген. Құжаттарды қабылдау үшінМемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ресмисайтында автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылғанекен. Үміткерлер үшін арнайыонлайн-платформа жасалған. Оны қолдану өте жеңіл әрі ыңғайлы. Сайттың бастыбетінде Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мағлұматинфографика арқылы берілген.
«Іріктеу 5 кезеңнен тұрады. Құжаттары онлайн түрде қабылданады. Жалпы, еңмықты деген 300 кадр іріктеліп, резервке алынады. Комиссия басшысы — президентәкімшілігінің жетекшісі. Іріктеу ашық әрі қиын болады. Сондықтанбіреудің танысы, біреудің туысы өтіп кетеді деген бос әңгіме. Ондай болған жағдайдажазаға тартатын заң бар», — дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматыоблысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай НҰРҒИСАЕВ.
Дегенмен,Қазақстанда өз күшімен мемлекеттік қызметке орналасу қиын деп санайтындар көп.Бірақ, мұндай қиындықтарды шенділердің ұл-қыздары оңай еңсеріп жатады.Сондайлардың біразына тоқталсақ.
Вице-премьер Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ ұлыЖансұлтан САПАРБАЕВ Нұр-Сұлтандағы Есілауданы әкімінің орынбасары. Шенеуніктің жасы небәрі 28-де. Ал, елорда әкімінің орынбасары МаликаБЕКТУРОВА Мәжіліс төрағасы НұрланНЫҒМАТУЛИННІҢ немере қарындасы. Павел КУЛАГИН — Қостанай облысының экс-әкіміСергей КУЛАГИННІҢ кіші ұлы. 32 жастағы жас шенеунік Алматы қаласы Түрксібауданының әкімі. Ақмола облысы маслихатының депутаты Максим БОЖКО — Қауіпсіздіккомитетінің генерал-лейтенанты, қазіргі Мәжіліс депутаты Владимир БОЖКОНЫҢұлы.
Осығанорай Нұрғисаев мырзадан «биліктегішенеуніктердің балалары жастар кадр резервіне өтуде әкелері ықпал ете ала ма?»деген сауал қойып көрдік.
«Біріншіден, әкесі қызметтегініңұлы қызметке келуіне болмайды деген заң жоқ. Екіншіден, қазір қызметке қабылдауүшін конкурс бар. Ол өте қиын. Комиссия бәрін бақылап отырады. Одан бөлеккамералар жұмыс істейді. Сондықтан бәріміз заңға бағынамыз», — дейді департаментбасшысы.
Жиынбарысында департамент басшысы Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлерінекөңілі толмайтынын айтты. Серікбай Өрікбайұлының сөзінше, жетісулыққызметшілердің амбициясы төмен әрі жүрісі баяу.
Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жанындағы Жастар кадр резерві — қызметтік өсуге ынталы, кәсібидағдылар мен басқару біліктіліктерінің жоғары деңгейіне ие, өзін өзі кәсібидамытуға, оқып-үйренуге бейім, көшбасшылық сипатқа ие жастарғаарналған резерв. Азаматтар Президенттік кадр резервіне 5-жылдық мерзімге алынады. Резервкетұрған азамат саяси немесе басқарушы лауазымдарға, ұлттық холдингтердің немесе компаниялардың басқарушылауазымдарына тағайындала алады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары біліміжәне 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Фотолар автордікі.