Сараптама

Сахнадан саясатқа келгендер

Актер Владимир Зеленский Украинаның президенті болды. Ұлықтау салтанатында ол «Мен осы күнге дейін халқымды күлдіріп келдім, енді алдағы 5 жылда жылатпауға уәде берем», деді.

Jasalash.kz

Оның бұл сөзі күлдіргіштің президент болуындағы негізгі ұстанымы есепті әлемге тарап кетті.

Қатардағы күлдіргіштіңмемлекеттің басты тұлғасына айналуын күнде көре бермейсің. Не де болса, 41жастағы әртіс президент болды. Зеленскийдің президент болуға қашаннан бастапойы кете бастағанын өзі айтпаса, болжау қиындау шығар, бірақ жұрттың оны жаппай(73 пайыз) қолдай кетуіне әлгі бір «Слуга народу» атты сериалы себеп болды депжүр. Тіпті бұл Зеленскийдің (әлде соныңжақтастарының, көтермешілерінің) о бастағы жоспарының бір бөлшегі болуы дамүмкін ғой (сериалдың алғашқы кезеңі 2015жылы шыққан).

Сонымен, ертегі (сериал)шындыққа айналды. Енді Зеленскийді украиндар дәл сондағыдай идеал президенттіайна-қатесіз көшірмесе де, соған жетеғабыл басшы болады деп үміттенеді.Зеленский ғана емес, әлемде саясатқа келген әртістер аз емес екен. Біз төмендетоқталатын тұлғалардың әртістікке, шоуға, ойын-сауықтық бағдарламаларға әйтеуірбір қатысы бар.

Жимми Моралес – телевизиялық шоулармен танылған күлдіргі. Моралес елде жаппай етек алғанжемқорлықты жоям деген уәдемен 2015 жылы Гватемала елінің президенті болыпсайланды. Бұл актердің президенттік жолы сөзімізге арқау болып отырған ВладимирЗеленскийге қатты ұқсайды. Бір қызығы, бұл актер де 2007 жылы «Президент всомбреро» фильмінде күтпеген жерден президент болып сайланатын ковбойдың рөлінсомдаған. Фильмдегі Нето-ковбой-президент 2016 жылдан бері Гватемала мемлекетінбасқарып келеді. 

Әлемге аты мәшһүр әуелібодибилдер, сосын, киноактер АрнольдШварцнеггердің қалай мэр болғанын, қалай жұмыс істегенін жұрт біледі. Өзініңкеремет дене мүсінінің арқасында әртүрлі телешоулар мен фотосессиялар арқылытанылған культурист Арнольд көп өтпей кино саласында актер ретінде көріне бастады.Алғаш «Конан-Варвар», «Терминатор» сияқты атақты фильмдерге түсіп, әлемдік жұлдызғаайналған. Сөйтіп жүріп, 2003 жылы Шварцнеггер Калифорния штатының губернаторыболып сайланды. Және бұл орнында екі мерзім қатарынан отыруға мүмкіндік алды.Бірақ сарапшылар оның штаттағы қаржылық дағдарысты реттей алмай кеткенінайтады.   

ДональдТрампАҚШ-тыңқазіргі президенті. Оның әйгілі миллиардер екенін, алпауыт кәсіпкер екенінбарлық жұрт біледі. Тіпті президент ретінде алғаш сайланғанында өзініңпрезиденттік жалақысына 1 доллар тағайындағаны да есте. Бірақ оның бұған дейіншоумен, тележүргізуші болғанын екінің бірі біле бермейді. Провокациямен айналысқанды,сұлу әйелдер мен даңғазаны жақсы көретін Трамп президенттікке үміткер ретіндесайлауға түскенде оның кандидатурасы көп сынға ұшырады. Бұл санатта әсіресе оныңәртіс-әріптестері қатты белсенгенін айта кету керек. Дегенмен ештеңеге қарамастан,Трамп 2017 жылғы сайлауда жеңіп шықты. Оның бұған дейін ешқандай саяси,дипломатиялық немесе әскери тәжірибесі болмағанын да айта кету керек.

Жесси Вентура – кәсіпқой рестлер, актер және теле-радиожүргізуші. Бұл актер де жұрттыңалдында шешініп тастаудан тайынбайтын тым ашықтығымен атаққа шықты. 90-жылдардыңбасында саясатқа араласып, алдымен қала мэрі, кейін штат губернаторы болған.Минесотаның губернаторы болған саясаткер айнып қалмағанда әлем жұрты тағы бір қызыққакенелер еді. Өйткені 2016 жылы ол да Трамппен бірге сайлауға қатысуға ниететкен. Дегенмен өзге жоспарларының көп екенін айтып, жеме-жемге келгенде айныпкеткен. Трампты сынап жүргендер сайлауға бір емес, екі шоумен түскенде қандай күйдеболар еді деген сұрақ, сөйтіп, жауапсыз қалды.

Даңқты актер Клинт Иствудтың атын жаттамаса да, түрінфильмдерден көрмей қалған адам, әй, жоқ шығар. Вестерндерімен аты шыққан актер,режиссер Калифорниядағы Кармель деген шағындау қаланың мэрі болып сайланды. Бірқызығы, қаланың кітапханасы мен жолын жасауға ерекше күш салған актер-мэрдіңекінші мерзімге сайлануына қала тұрғындары қарсы болған. Жаман жұмыс істедіңдемесе керек, басты мәселе – актердің атағының зорлығы. Актердің әкім болғанынбілген жұрт кішкене ғана қаланы даңғаза-шуы мол, туристік орталыққа айналдырыпжіберген. Сүйікті актерлерін бір көріп қалам ба деген үміт талайды жетелеп әкелгенгеұқсайды. Ал тыныштықты қалайтын америкалықтарға бұл жағдай ұнамайды да,мэрлерін құрметпен шығарып салады.

Рональд Рейган – әйгілі Голливуд актері. Бұл актердің актерлық жолынан гөрі саяси мансабыұзағырақ болды десе болады. Тіпті актерлер арасынан шыққан алғашқы мемлекетбасшысы. Еңбек жолын радиожүргізуші болып бастаған, одан соң «Любовь в прямомэфире» фильміне түсіп, осыдан бастап актер ретінде біршама атаққа жетеді. 1966жылы Калифорнияның губернаторы болып сайланып, осыдан кейін тағы екі мерзімштат басқарған Рейган 1981-89 жылдары АҚШ президенті болды. Ол АҚШ-тың 40-шы президенті.

ЖозефЭстрада – филиппин актері,100-ге тарта фильмге түскен. Содан кейін саясатқа араласа бастаған. Қала мэрі болады,содан соң сенатор болды, кейіннен виуе-президент қызметіне дейін көтеріледі.Дегенмен сонша жыл саяси аренада жүргеніне қарамастан, жолы болмаған бір әртісболса, ол – осы Эстрада. 1998 жылы Филиппин президенті болып сайланғаннанкейін, орнында көп отыра алмады. 2001 жылы оны Филиппин халқы жемқорлыққа қатыстыайыптап, халықтық көтеріліс нәтижесінде биліктен кетуге мәжбүрледі. 

ЙонГнарр – исландиялықкомедия актері. Исландия астанасы Рейкьявик қаласын төрт жыл басқарған. Оның қаламэрі ретінде жұрттың есінде қалғаны –гей-парадқа қатысқаны. Дегенмен отбасын бәріненбиік қоятын бес баланың әкесі үлгілі отағасы ретінде де жиі аталады.

Келесі әртіс-шенеуніктіңөмірі қайғылы жағдаймен аяқталған. Ресейлік актер Михаил Евдокимов 2004 жылы өзі туған Алтай аймағын басқару құқынаие болған. Жергілікті халықтың жағдайын жақсартуға бар күшімді саламын деп уәдеберген актер бір жыл өтпей, көлік апатынан қайтыс болды.

Бұл тізімдіжанамалап соза беруге болады. Дегенмен саясатқа әйтеуір бір қатысы бар адамдардыңаз емес екені белгілі. Әсіресе Орталық Азия, ТМД елдерінде бұл жағдай ешкімдітаңғалдырмайды деуге болады. Әйгілі әртіс, актер Құдайберген Сұлтанбаев кезіндепарламентте депутат болып отырғанда айтыпты деген бір сөз еске түседі:«Парламенттегілердің бәрі әртіс, ішіндегі профессионалы – мен ғана».

Демек, әртісЗеленскийдің президент болғанына әлем де, біз де таңғала қоймаймыз.

Фотолар ашық интернет көздерінен алынды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега