Сайлау-2021: Канвассинг кездесу өткізді
Райымбек аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жантас Әкімбаев Талас ауылына іссапармен барып қайтты.
Сапар барысында тыл ардагері және еңбек ардагері, ауылдың, ауданымыздың құрметті азаматтары, ұзақ жылдар ұлағатты ұстаз болған Торғаев Халық пен Алтынбеков Анарбек ақсақалдардың шаңырағына арнайы бас сұғып канвассинг кездесу өткізді.
Канвассинг, яғни сайлаушылардың үйіне арнайы бару шарасы аясында алдымен үй иелерінің хәл-жағдайымен танысып, алдағы саяси науқан жөнінде, соның ішінде сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Еліміздің тыныштығы мен бірлігі партияның басты мақсаты екенін атап өтті. Үміткер ақсақалдарды алдағы жылы өтетін сайлауда еліміздегі беделді «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
Қарияларымыз өз тараптарынан алғысын білдіріп, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтынын айтты.