Саясат

Сайлау сабақтары: Біреудің айтағымен жүретін азаматтық қоғам алысқа апармайды

Күдік пен үмітке толы, талдануымен тамсануы қатар жүрген, өтірік пен жаланы – шындықтай көрген ерме көпшіліккетағы бір ащы сабақ болған, әрбір саяси топ өзінің ойынын ойнаған соңғы Сайлаудың өткеніне де бір жыл болыпты.

Jasalash.kz

  Жұрттың аптығы басылып, алыстан тағы бірбарлап, артық айтылған жерлерді қайта салмақтайтын, шалыс басқан қадамдарғатағы бір көңіл бөлетін мезгіл жеткен сияқты.

           Сайлауқалай басталды  

… Заңдағыбелгіленген мерзімде сайлау өткізу дәстүрін «мойындамайтын» Қазақ билігі 2019жылдың 9 маусымына кезектен тыс Президенттік сайлау қойғанда, бұл қадамныңдұрыстығын қолдаған адамдардың бірі мен болдым. Демократиялық елдерде де,Президент белгілі бір себептермен өзінің қызметін атқара алмай, оның қызметінуақытша басқа адам атқаратын болса, алдыңғы Президенттің мерзімі біткенше отырабермей, екі айдың ішінде сайлау жариялауға міндетті. Әлеуметтік желіде«оппозиция дайындалып үлгіре алмасын, деген оймен кезектен тыс сайлаутағайындады», деген ойлар да айтылды. Меніңше, оппозиция сайлау жақындағандағана емес, өзінің жұмысын  үздіксізатқарып, әрқашан саяси додаға дайын болуы тиіс — «Жау айтып келмейді», дейдіқазақ.

Екіншіден,қоғамда «бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан басқаша болады ма екен», деген үміттіңпайда болғанын да жоққа шығармаймын. Оның үстіне, Тоқаев мырза да сайлаудыңәділ өтетінін айрықша атап өтті. Әрине, бұрынғы сайлау жүйесімен, бұрынғысайлауды өткізген жандармен қалайша «әділ сайлау өткізуге болады?» дегенсұрақтың көкейімізде қалғаны анық.

Оппозиция неге бойкотқа барды?

Үшіншіден, кез келген сайлау, мейлі, ол парламенттік болсын немесепрезиденттік болсын – саяси науқан екендігін, ең болмаса, халықтың,электораттың саяси сауатын ашуға пайдалану керектігін ескерсек, өздерін «оппозициямыз»,деп атайтын топтың, азаматтардың көпшілігінің сайлауға өздерінің үміткерлерінтүсіруден бас тартқандары мен үшін күтпеген жаңалық болды. Алғашқыда «ЖСДП  «Жаңа Қазақстан форумының» мүшесі, ЕрмұратБапиды түсіреді екен», деген сөз шықты. Әлі есімде, Әміржан ҚосановтыңЕрекеңнің қасында тұрып түскен, «Ермұратты қолдаймыз», деген суреті де таралыпүлгірді, бірақ соңғы мезетте өздерін «оппозициялық партиямыз», деп атайтын топ«бойкот жариялаймыз», деген шешімге келді. Бұл, шынында да, көпшілігіміз үшінтосын шешім болды. Көптеген елдердің сайлау туралы заңдарында «егерсайлаушылардың жартысынан көбі дауыс беруге қатыспаса, сайлау өтпеді депсаналады», деген бап бар. Бұл елдерде бойкот жасау тәсілінің тиімділігіндеталас жоқ. Өкінішке қарай, қазіргі біздің қолданыстағы заңымыз бойынша сайлауғақатысқан адамдардың саны сайлау нәтижесіне ешқандай әсер етпейді. Демек, бойкотта ештеңе бермейді. Әлде  2005 жылғы сайлауданкейін жүректері шайлығып қалды ма, әлде билікпен келісімге келді ме, ол жағынешкім білмейді, алайда «Билікке қарсымыз», дейтін саяси күштің сайлау додасынанбас тартқаны анық.  Бұл – олардыңтаңдауы, олардың шешімі. Саясатта басқа адамдардың шешімін сыйлай білуімізкерек, қабылдай білуіміз керек.  Олар дабіздің қозғалыстың 26 сәуірдегі «сайлауға қатысамыз»,  «Ә.Қосановтың кандитатурасын қолдаймыз»,деген шешімізге түсіністікпен қарайды деп ойладық. Өкінішке қарай, олай болмайшықты… (Айта кету керек, дауыс беру кезінде осы сайлауға қатысуды қолдамағанмен ғана болдым. Мойындауым керек, республикалық деңгейдегі осындай үлкен саясинауқанды көтеріп шыға аламыз ба деген күдіктің болғаны рас.)

Осы жерде тағы бір мәселені айтып өткеніміз дұрыс сияқты. Біздер, «Ұлттағдыры» қозғалысы, осы жүйені өзгертемін, қоғамды жаңартамын дейтін кез келгеназаматқа қолдау көрсетуге дайын болатынбыз. Әрине, бірінші кезекте, ұлтшылазаматтарға. Алайда, біздің билік, Жер дауыннан кейін, 2017 жылы, Конституцияныбелден баса отырып, «Президентке кандидаттар бес жыл мемлекеттік қызмет жасауыкерек», деген тосқауыл-бапты енгізіп үлгірген болатын. Бұл – дені сол биліктенкелген «оппозициямыз» деген адамдарға емес, ешқашан билікте жұмыс істемегенұлтшыл азаматтарға арналған бап болатын-ды. Сондықтан, не Хасен Қожа-Ахмет, неосы жолдардың авторы және т.б. азаматтар тіркеле де алмайтын.

Қысқасы, сайлауға жеті адам түсетін болды, бірақ басты бәсекелістікмиллиондаған мүшесі бар, қаржылық мүмкіндігі аса жоғары, атқарушы, заң шығарушыбиліктің мүмкіндігін толық пайдалана алатын «Нұр Отан» партиясының үміткері мен,облыстарды қосқанда, жүзге де жетпейтін адамы бар «Ұлт тағдыры» қозғалысы үміткерінің арасында болатыны анықеді.

Сайлау науқаны: Әміржан неге жақпады?

Басқа үміткерлерді білмеймін, Ә. Қосановтың сайлау науқаны екі жақтықыспақтың арасында өткен сияқты. Мұндайды қазақ «жау жағадан алғанда, бөрі етектеншалды» дейді. Біріншісі – билік тарапынан өздеріне қарсы шыққан үміткерге  жасалатын әдеттегі бөгеттер. Әрине, қазақтілінің емтиханы (журналистика мамандығын қазақ тілінде оқыған қызылордалықтыбұл жерден сүріндіре алмайтыны анық еді ) немесе табыс декларациясынан (небизнесі жоқ, не олигархтардың қатарында болмаған үміткерді бұл жерден де ұстайалмайтыны анық) ештеңе шықпайтын болғаннан кейін, Әміржанның тіркелу кезіндегісөздеріне, пікірлеріне ескерту беру сияқты, «тырнақ астынан кір іздеу»басталды. Ең ауыры — оның Бағдарламасын «май шаммен қарап», түрлі сылтауларменқысқарту басталды. Осы уақытта ғана Әміржан маған телефон шалып, «мынадай Бағдарламамендодаға түскенше, сайлаудан бас тартқаным дұрыс болатын шығар», деген ойынайтқан. Мен қыспақтың көкесі әлі алда екенін айтып, сайлаудың соңына дейіншыдауға кеңес бердім. Екінші қыспақ, жоғарыда айтып өткен «бойкотшылар»болатын. Олар біздер сияқты «бұл – сендердің таңдауларың, оны — сыйлаймыз»,деген жоқ. Ең қызығы, өздерінің қатарларынан шыққан, 22 жыл бойы оппозициялыққұрылымдардың бәрінде дерлік жетекші қызметтерде болған Ә.Қосанов сайлауғатүскен күні «ең жаман адам» болып шыға келді. Бұл – қызғаныш па, жеке бастағықысастық па, әлде  қарапайым пендешілік пе,ол жағын бір Алла біледі… Құдайға шүкір, халық олардың соңдарынан ерген жоқ.

Әміржанның сайлау науқанының ең басты кемшілігі де осы жерде көзге түсті.  Менің ойымша,Үміткер сайлау науқанынжүргізетін арнайы топ құрып үлгірген жоқ сияқты. Әрине, «Жаңа Қазақстанфорумының» адамдары Бағдарламасын дайындауға көмектесті, мен бақылаушылардыоқыттым, бірақ сайлау барысындағы тактика мен стратегия жасалған жоқ. Оныжасайтын топ та құрылған жоқ… Облыстағы штабтар үгіт материалдарын тарату,бильбордтарды ілу деген сияқты күнделікті күйбең тіршіліктен шыға алмады. Қысқасы,соңғы бес-алты жылда өзін «тәуелсіз саясаткермін», деп атайтын үміткердің арқасүйері – отыз жылдық жүйеден шарашаған қазақ электораты және ...әлеуметтік жүйеғана болған сияқты. Ал билікті сынаудан жалықпайтын оппозиция өкілдерініңкөпшілігі осы бір сын сағатта екі рет «құрылтай» ұйымдастырып, халықты бойкотқаүндеп, Тоқаевтың бәсекелесіне қарсы жұмыс істеді.

Қ.Тоқаевтің сайлау науқаны бұрынғы президенттің таптауырын болған жолымен,тәсілімен жүргізілді. Өз басым, Қасымжомарт ағамыздың сайлау науқанындағы бастықателігі — үміткерлердің арсындағы дебатқа қатыспауы дер едім.  Дебат – тек қана үміткерлер қатысатын, соларқылы сайлаушылар Президент боламын деген әр тұлғаның біліктілігіне, сөйлеумәдениетіне, тұғырнамасын түсіндіруіне баға беретін бірден бір мүмкіндік болса,одан бас тарту, барлық өркениетті елдерде, – не саяси мәдениетсіздік, не «менсияқты ұлы адамға сендермен қатар отырудың өзі ұят» деген сияқты менмендік, небәсекелесіңнен қорқу ғана болып қабылданады. Меніңше, бұл жерде үшіншісі басымсияқты. Бұл – өзінің таңдауы ма, әлде кеңесшілерінің «ақылы» ма, ол  жағын білмеймін, дегенмен бірақ оның бұлшешімі – өзі басшы болып отырған елінің сайлаушыларын сыйламағандай әсерқалдырды.

          Іштеншыққан «жау» қиын

Өткен сайлаудың басты «қызығы» — сайлау аяқталған соң-ақ, халықтың басымкөпшілігінің қолдауын алған азаматты әлеуметтік желіде дәлелсіз айып тағып,қаралау жұмыстарының жүргізілуі дер едім. Алдында айтып кеттік, жамандаужұмыстары Әміржан тіркелген күннен басталған болатын. Осы жерде облыстардағы«Ұлт тағдыры» қозғалысы басшыларының бір адамдай, «Ит үреді, ал керуен өзініңжолымен жүре береді», деген ұстанымға келгеніне риза болдым. Бұл ұйым басшыларыныңдені сол облыстағы бұрынғы «Азат» қозғалысының төрағалары болған, Тәуелсіздікүшін күрескен, Желтоқсаннан өткен, ешқашан билікке жақындамаған азаматтардың бірұстанымға іштей бірлікпен келетінінің айғағы болар.

Шынымды айтсам, «Қазақстандышынайы демократиялық, унитарлық, құқықты, әділетті және әлеуметтік негіздегімемлекет ретінде қайта құру», «Жер мен оның байлығын Қазақстан халқыныңтолықтай меншігіне айналдыру», «Демократиялық құндылықтарды тәрк еткензаңнаманы, оның ішінде Сайлау, Саяси партиялар… түбегейлі өзгерту», «Сөз жәнепікір білдіру бостандығы, бейбіт митингілер мен шерулер өткізу құқы ешбіржағдайда шектелмеуі тиіс» (Әміржан Қосановтың сайлауалды Бағдарламасынанүзінділер), деген мақсаттар – баршамыздың мақсат-мүддеміз болатын. СондықтанҚазақстанның «демократиялық мемлекетретінде қайта құрылуына» қарсы топ өкілдерінің авторитарлық мемлекеткезінде билікке келген (біреуі — Бас прокурор, енді біреуі — вицепремьер-министр, тағы біреулері — министр, департамент басшысы, т.т), немесесол авторитарлық биліктің идеологиялық жаршысы болған «Егеменді Қазақстанда»жұмыс істеген жандар болғаны ешкімді таң қалдырмайтын болар. Ал Мұхтар Әбіләзовініміз Әміржанның «бейбіт митнингілермен шерулер өткізу құқы ешбір жағдайда шектелмеуі тиіс», деген сөзінеренжіген болуы керек…

Кім кімді сатты?

Ал Әміржанды жамандаудың екінші кезеңі дауыс беру аяқталып, 99 пайыз учаскелердедауыстар саналып, хаттамалар толтырылған соң басталды. Енді «Әміржан сатыпкетті», «… тастап кетті», «… алдап кетті», «косякка кіргізді», дегенгекелейік. Дауыс беру 9 маусым күні кешкі сағат сегізде аяқталды. Дауыс беруучаскелері жабылып, дауыстарды санау басталды. Қысқасы, бюллетеньдердің барлығы дауыс беру жәшігіне түсті, енді онысол дауысты санаушылардан басқа ешкім де өзгерте алмайды. 9 күні кешкі сағатсегізден кейін Әміржанның не дегені, Қасымжомарттың не дегені, басқалардың недегені халықтың таңдауына – сайлау нәтижесіне — ешқандай әсер етпейді.  Егер сайлаушылардың көпшілігі «Әміржан жеңіпеді, бұл қалай?» дейтін болса, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы БерікИмашевты және сайлау комиссияларында отырған жандарды қарғауларына болатын еді.Алайда, 10 күні, түнгі сағат екілерде Әміржанның экзит-пол нәтижесін мойындауынпайдаланған бәсекелестер, барлық кінәні Қосановқа үйіп төгуге кірісті. Оған Әміржаннанүміт күтіп отырған, сайлау жүйесін біле бермейтін айқайшылдар да ере жөнелді.Абайдың сөзімен айтсақ, «аттысы шапты, жаяуы қапты, қайырылып сөзді кім ұқсын».Осы уақытта маған да телефон соққандар көп болды. Кейбіреулері «ӘміржанПарламентке баратын болыпты, соған сатылыпты ғой», «Замминистрдің орнына алатынболыпты ғой» деп, бір жерімен бал ашса, енді біреулері «ол бір миллион долларғасатылыпты», «жоқ, екі миллион доллар алыпты, өз көзіммен көрдім», деген сияқтысандырақты айтқаны есімде. Парламенттік сайлаудың не екенін, оған тек саясипартиялардың түсе алатынын түсіндірумен шаршадым.

Президенттікке түскен адамға «алдап кетті» деген айып үш жағдайда тағылады.Біріншіден, Президент болғаннан кейін, өзінің сайлау алдындағы Бағдарламасын,алдына қойған мақсатын орындамаса. Бұл жөнінде әңгіме жоқ. Әміржан Президентболған жоқ. Екіншіден, дауыс беруге жақындағанда, өзінің кандитатурасын қайтыпалып, сайлауға түсуден бас тартса. Құдайға шүкір, Әміржан өзінің ұстанымын 9маусым күні дауыс беру біткенге дейін ұстап тұрды. Дебатта да, кездесулерде деөзінің тұғырнамасынан тайған жоқ. 

Үшіншіден, біздің Президенттік сайлаудың бірінде өзі Президенттікке түсіпотырған бір бейшараның «мен өзімнің даусымды қазіргі Президентке (өзініңқарсыласына!) беремін» дегені бар. Әміржан ондай мазаққа да қалған жоқ.Қысқасы, өзінің сайлаушыларын алдаған жоқ.  Мүмкін, оның қателігі – өзінің жеңілісін экзит-полданкейін мойындауы болар. «Ресми нәтижеден кейін де құттықтауға болатын еді ғой»,деп ренжіген жандардың бірі менмін. Бірақ, бұл – Әміржанның шешімі. Ол кейін мұндайқадамға неліктен барғанын да айтты. Онымен біреу келісер, енді біреу келіспес.  Қалай десек те, бұл қадам – Әміржанның жекебасына, оның саясаткерлік бейнесіне әсер ететін болар, бірақ, тағы қайталаймын,сайлау нәтижесіне, дауыстарды санауға ешқандай әсер ете алмайды. Ең қызығы,Әміржанды сынаушылардың барлығы дерлік «оған кем дегенде, елу пайыз дауысберілді», дегенді мойындайды… Егер осы құттықтаудан кейін, дауыстар әділсаналса, соның нәтижесінде, Әміржан президент болса, «бізді сатып кетті!» дегенайқай болар ма еді?

«Ұлт тағдыры» кімнің жолын кесті?

Достарымның айтуларына қарағанда, Әміржанмен бірге, «Ұлт тағдырына» жәнеӘміржанды қолдаған адамдарға (үш-төрт миллион қазақ) да біршама «күйе»жағылғанға ұқсайды. Бізге бағытталған бұл «шабуылды», өз басым, жақсы түсінемін– егер 2005 жылы мол қаражаты, жүз мыңдаған мүшелері, бұқаралық ақпаратқұралдары бар оппозициялық партиялар жабылып жүріп, Жармахан ағамызға 5,6 пайызалып берсе, саны жүзге толмайтын мүшесі бар ұлтшылдардың ұйымы ұсынған адамның16,2 пайыз алуы (алуы емес – «биліктің беруі» деген дұрыс сияқты. Себебі,біздің  биліктің дауыстардың үштен бірінғана беретін ауруы бар...) кімді де болса ойландыратыны анық. Қысқасы, оппозициядағыорнын меншіктеп алғандай болған адамдарға тағы бір саяси қоғамдық күштің пайдаболып, билікке ұмтылуы – күтпеген қауіп болды. Демек, Әміржанды қолдаған топертең саяси партияға айналса, «парламенттік сайлауға түсеміз», деп отырғанЖСДП-нің шаң қауып қалатынында талас жоқ. Сондықтан оларды «боққа былғау» керек.Әрине, халықтың бір бөлігі «Ұлт тағдырын» немесе сол ұйымның жетекшілерін, тағыбір бөлігі Әміржан Қосановты қолдаған да шығар, алайда бұл сайлауда халықбилікке қарсы дауыс берді деп ойлаймын. Менің бұл сайлауға қатысым — бір айдыңішінде 20 қалада 40-қа жуық бақылаушыларды оқытатын семинар өткізумен шектелді,ал облыстық бөлімшелер орталық штабтың нұсқауымен өздеріне тиесілі жұмыстарыністеді. Бәрі халықтың көз алдында. Кемшілік болмады, деп айта алмаймын, әсіресе,уақыттың қысқалығы мен жеткілікті қаражаттың тапшылығы, жұмыстардыңтиімділігіне тікелей әсер етті.  Біраққатып қалған жүйені шайқалту үшін, қазақтың көзін ашу үшін, ең болмаса, биліккеқанша адамның қарсы екендігін көрсету үшін осы сайлауға араласу қажет болды.Бұл – біздің шешіміміз.

Бәсекелесті құттықтау — саяси мәдениеттіліктің белгісі

Әміржанға таққан «айыптардың» бірі – оның Тоқаевты құттықтауы сияқты.Әрине, «бір ғана ой, бір ғана пікір болуы керек, ал басқа пікір болса, ол – «сеніңдұшпаның», деген ұстанымы бар тоталитарлық жүйеден шыққан біздің кейбіразаматтар үшін жеңілісіңді мойындау, бәсекелесіңді құттықтау – жауыңа бас игенменбірдей. Ал өркениетті елдерде бұл – саяси мәдениеттіліктің белгісі ғана.Мүмкін, футбол алаңында жекпе-жекке шыққан Порошенконың ертеңіне Зелинскийдіжеңісімен құттықтағанда, ішінен боқтап тұруы, ал Трампты құттықтаған ХиллариКлинтонның, ішінен қарғап тұруы да ғажап емес. Алайда… құттықтау керек. Бұл — саясаттың дәстүрі. Егер қарсыласыңды жау көрсең – қару алып, көзін  жоюың керек, ал саяси бәсекелесім деп тапсаң,қолыңды беруің керек. Басқа жол жоқ. Меніңше, уақыт өте келе, бұл мәселеге –үміткерлердің бірін бірі құттықтауына — ешкім көңіл аудармайтын болады. 

Тағы бір мәселе. Сайлау кезінде, әсіресе, президенттік сайлауда, сен жекетаңдауыңды жасайсың. Сенің таңдаған адамыңның әрбір іс-әрекетіне, сөзіне – сенде жауаптысың. Сондықтан да сайлауға кәмелетке толған, өзінің таңдауына өзіжауап беретін жасқа келгендер ғана қатыса алады. Демек, кейбіреулердің «меніпәленше алдап кетті» деп, беттерін тырнап, бастарына күл себуі – өздерініңтаңдауларының алдындағы жауапкершіліктен қашуы немесе кінәні басқадан іздеуі.Егер сенің даусыңды ұрласа (дауыстардың «ұрлануына» Әміржанның ешқандай кінәсіжоқ екендігі айтылды) — өзіңнің дауысыңды өзің қорға. Басқалар сенің дауысыңүшін күреске шықпайды. Біреулердің айтағымен көшеге шығатын азаматтық қоғамалысқа бармайды. Ертең олар екінші біреудің айтағына тағы ереді…

Өздерін оппозициямыз деп атайтын кейбір топтар дауыс беру кезеңі жақындағансайын бойкот мәселесін бәсеңдетіп, екінші, негізгі тәсілін дайындауға көшті. Ол– сайлаудан кейін халықты көшеге алып шығу мәселесі болатын. Өздерінің қолынанкелмеген саяси акцияны Әміржанның арқасында жасауды ойлаған жандар үшін оныңсайлаудағы жеңілісін мойындауы – жоспарларын жоққа шығарғандай болды. Жамандаудыңбір себебі осында жатқан сияқты.

Меніңше, Әміржанды жамандаушылар билікке ғана қызмет жасады. Сол арқылыолар сайлау комиссияларының заңсыздықтарын, әділетсіз сайлау жүйесін сақтапқалды...(«Сайлау әділ болды, бәрін бүлдірген Әміржан екен ғой»). Дауыс берукезіндегі жүздеген бейнематериалдар, бақылаушыларды қуып шығу, хаттармалардыбермеу, т.т көпшілікке ұмыттыру үшін «жамандау акциясы» керек болды. Көпшілікдемекші, осы бір «массовый психозды» көргенде, Абайдың «Ақымақ – көп, ақылды –аз, деме көптің сөзі ол», деген өлең жолдары есіме түседі.

 Сайлаунәтижесі: саяси сана оянды

Мен үшін, бұл сайлаудың басты нәтижесі — қарапайым халықтың саяси санасыныңоянуы дер едім. Облыс орталығын былай қойғанда, аудан, ауылдардағы азаматтарөздерінің қаржыларымен елді мекендерді аралап, үгіт жұмыстарын жүргізді,бақылаушылар тобын құрды, әлеуметтік желіде әрбір аймақ өздерінің топтарынжасақтап, үміткерге қолдау көрсетті, штабтарда еріктілер ретінде жұмыс жасады.Сондықтан осы жұмысқа ат салысқан және Әміржанға дауыстарын берген азаматтарғаалғысым шексіз. Оның ішінде, «Жаңа Қазақстан форумының» жігіттеріне, «Атамекен»ұйымына, Ринат Зайытов, Еркін Рақышов, Айсұлу Қадырбаева, т.б. жеке тұлғалармен «Ұлт тағдырының» мүшелеріне де мың алғыс. Біз қазақтардың мүдде бірлігіарқылы бастарын қоса алатынын көрсеттік және республикалық деңгейде сайлаунауқанын жүргізуден өтіп, баға жетпес тәжірибе жинақтадық

Екіншіден, «көппартиялық жүйенің» көрсеткіші ретінде және «бәсекелестіктікөрсету мақсатында» өмірге келген ұйымдардың бет перделері де алынғансияқты.  Сайлау нәтижесінде, «екі миллионадамымыз бар», деген Қазақстан кәсіподақ федерациясы Әміржанның шаңына ілесеалмай, далада қалса, Парламентте бір емес, екі шақырылым отырған саясипартиялардың үміткерлері 1,8 — 5,6 пайыз ғана алды… Демек, бұлар – жасанды,ұйымдық деңгейі жоқ, халықтың қолдауынан жұрдай, жасанды құрылым деген сөз. Бұлда осы сайлауға араласудың нәтижесі. 

Сайлаудың негативті жағын да айтып кетуіміз керек. «Әміржанды жамандауакциясынан» кейін, қазақ қоғамы абдырап қалған сияқты. Ешқандай дәлел болмасада, «сөзде қаңқу жаман»… Сондықтан болуы керек, осы сайлау оятқан азаматтар нежақсы құрылым жасай алмады, не өздерінің арасынан басшы да шығара алмады.  

Бәрі өзіміздің қолымызда. Сайлаудан кейін Қ.Тоқаев мырза да саясиреформаның қажеттілігін айтып, Әміржанның бағдарламасындағы көрсетілген үшмәселені қолға алу керектігін (бейбір шерулер туралы, саяси партиялар туралы,сайлау туралы заңдар) мойындады. Бұл мәселе Қоғамдық сенім комиссиясында дақаралды. Алайда содан бері сегіз-тоғыз ай өтті, бірақ саяси партиялар туралынемесе сайлау туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жұмысшытобының құрылғанын, оған азаматтық қоғамның өкілдерінің кіргенін естімеппін.

Айтпақшы, Әміржан ініміз өзінің сол көпқабатты үйдегі үш бөлмелік пәтеріндетұрады. Министр де, депутат та болған жоқ. Керек десеңіз, халықтың 16,2 пайызсеніміне ие болған саясаткер Қоғамдық сенім комиссиясына да шақырылған жоқ.Оның орнына 1,8 пайыз дауыс алған алған коммунистік партияның өкілі комиссияға кірді…

Сөз соңындағы эпиграф: «Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң дасені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңдіқұр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былайдеген екен: “Егер айтқаның рас болса, Алла мені кешірсін. Ал, өтірікші болсаң,Алла сені кешірсін”.

Шәкәрім

Дос Көшім,

саясаттанушы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега