Саясат

«Сайлаудағы заңсыздықты жариялағаным үшін жазықты етті»

Оралдағы «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан АХМЕДЬЯРОВәкімшілік жауапқа тартылды.

Jasalash.kz

Мамандандырылған әкімшілік сот судья БотагөзНҰРМАҒАНБЕТОВА 20 АЕК (50 500 тенге) айыппұл төлеу туралы шешім шығарды.

Журналисті полицияға бағынбады деген айыппен 667 баптың 1 тармағы бойыншажауапкершілікке тартқан. 12 маусым күні Орал қаласындағы Абай алаңында тәуелсізбақылаушылар президенттік сайлаудағы өз қортындыларын жарияламақшы болыпты. Солжерге ақпарат таратуға мен де барғанмын дейді  Лұқпан Ахмедьяров «Жас АЛАШ»тілшісіне.

«Полиция ауызын ашыпүлгермеген бақылаушыларды ұстай бастады. Біз фото мен видеоға түсіре бастадық.Сол кезде жұмыс жасауыма полиция кедергі жасады. Мені ұстаған полицияданқолымды жұлып алдым. Бар әрекетім осы», — дейді «Уральская неделя» газетініңбас редакторы.

Журналист хаттаманы өзі жоқта толтырылғанын және қорғаушысыз сот болғанынайтады. Кәсіби қызметім үшін істі болып отырмын дейді.

«Біздің басылым елдегі санаулытәуелсіз газеттердің бірі. Біз үнемі әртүрлі наразылық акцияларынан хабартаратамыз. Жуырда өткен президенттік сайлауда редакция жанынан тәуелсізсайлаушылар орталығын құрдық. 200 адам Орал қаласы бойынша жұмыс жасады.Олардың қолындағы құжаттарға сәйкес БҚО-ның орталығында Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА халықтың40 пайызы ғана дауыс берген. Міне осы үшін мені жауапқа тартқан түрлері», — дейді Лұқпан Ахмедьяров.

Әріптесіміз соттың бұл шешімімен келіспек емес. Аппеляциялық шағым түсірмекшіекен. Лұқпан Ахмедьяров «Азаттық» сыйлығының иегері, Шекарасыз репортерхалықаралық ұйымы тағайындайтын Питер МАКЛЕР сыйлығының лауреаты.

Фото: today.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега