Әлеумет

Сайлаудың арқасында жаңа мекенжайын тауып алды

Семей қаласының тұрғыны Ермек Мұхамедияров (суретте) №260 сайлау учаскесіне дауыс беруге барамын деп тұрып жатқан жерінен адасып қалды.

Jasalash.kz

  Жеке бас куәлігін алып сайлау учаскесіне келген онысайлау комиссиясы «тіркеуде тұрған жеріңе барып дауыс бер» деп шығарып жібергеніне куә болдық. Бірақ, әйеліне дауыс беруге рұқсат етіпті. Осы күнге дейін бір-бірінен сыр жасырмаған ерлі-зайыптылар сайлау комиссиясының бұл әрекетінен кейін болмаған ұрлықтары ашылып қалғандай ыңғайсыздық сезінген.  

-1989 жылдан бері Семейде, қала орталығындағы Шәкәрім даңғылындатұрып келемін. Бүгін дауыс беруге келсем тізімде жолдасым бар,  мен жоқпын. Анықтама бюросы күтуім қажеттігін айтқан соң, оған да көндім. Бірақ,таппады. Амалсыз үйге қайтып келіп, одан Халыққа қызмет көрсету орталығынабарсам жабық тұр. Осы жерге қайта келгенде ғана Шығыс кентінде тіркеуде тұратынымжайында анықтамалық шыға келді. Шын мәнінде Шәкәрім даңғылы, 1 үй, 18 пәтердетіркеудемін. Шығыс кентіндегі мекен-жай қайдан шыққанын ұқсам, бұйырмасын. Олжақта мүлде шатағым жоқ. Жеке бас куәлік, жүргізушілік куәлігім, маған қатыстыне бар, түгелі осы адрес бойынша тіркелген. Қаншама уақытым бос кетті. Жалғыз мен ғана емес, бірқатар көршілерімді анда-мында лақтырып жатыр,-дейді Е.Мұхамедияров.

Азаматтың шағымынаорай №260 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Имдат Эфендиевті сөзгетарттық.

-Ол азаматтың (Мұхамедияровты айтады-авт) мекен-жайыШығыс кентіндегі Восточный береговой көшесінде екені көрсетіліп тұр. Ол бұлжердің участогіне кірмейді. Басқа сайлау учаскесі. Сондықтан,сіз айтқан азамат заң бойынша сол жерге барып дауыс беруі тиіс. Шәкірімдаңғылында тұрса тұратын шығар, бірақ, тұрақты тіркеуде қай мекенжайкөрсетілген сонда дауыс беруі тиіс. Негізі өзінің тізімде бар-жоғын сайлаукүніне дейін келіп білгенде, мұндай нәрсе болмайтын еді,-дейді И. Эфендиев.

      Жалпы, тұрығындар арасында сайлауучаскелеріне келіп, өздерін тізімнен таппай немесе қайда барарын білмейпұшайман болып жүргендердің бары рас. Учаскелік сайлау комиссиясында отырғандарболса, алдын-ала тізімде бар-жоғын тексермеген тұрғындардың өздерін кінәлапәлек. Ал Семей қаласының әкімі ЕрмакСәлімов алдын-ала тізімде бар-жоғын тексеріп алған сияқты, сағат 11:15 шамасында келіп, еш қиындықсыз дауыс беріп кетті.    

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега