Әлеумет

Сайрам-Өгемдегі сенбілікке 800 адам қатысты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігініңбастамасымен #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясы табиғаты ерекше, сирекаң-құсы, өсімдіктер дүниесімен танымал Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіаумағында өтті.

Jasalash.kz

Акцияға Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркініңқызметкерлері, Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігі мен мәслихатының, «НұрОтан» партиясы ардагерлер кеңесінің және басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдері,жергілікті кәсіпкерлер, Kaspi банк қызметкерлері, экологиялық ұйымдардыңөкілдері, белсенділер, еріктілер, мектеп орманшылықтары және де БАҚ өкілдеріқатысты.

Экологиялық сенбілік аясында жол бойын, өзен жағалауыжәне демалыс алаңқайларын, кордон-демалыс үйлерінің, өткізу-тазалау бекетініңтөңіректерін тазалап, тәртіпке келтіру, абаттандыру жұмыстарын ұйымдастырды.

«Сайрам-Өгем»мемлекеттік ұлттық табиғи паркініңбас директоры Сахит ҚЫНТАЕВ аталған экологиялық акция азаматтарды Қазақстанныңфлорасы мен фаунасын сақтауға және экологиялық мәдениетінің дамуына септігінтигізетінін айтты. Оныңайтуынша, Сайрам-Өгем  аумағында өткенсенбілікке 800-ге жуық азамат қатысқан.   

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега