Саясат

Самат Әбіштің қайда тұрып жатқаны белгілі болды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жиені Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш Түркияға қоныстанып, Эгей теңізінің жағасында өмір сүріп жатыр.

Jasalash.kz

Бұл туралы Dala Inside хабарлады.

«Назарбаевтың жиені, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш қудалаудан аман қалды. Қазір Түркияда таулардың арасында, Эгей теңізі жағалауында тыныш өмір сүріп жатыр. Бұрын түрлі жолмен тапқан ақшасы оған алаңсыз өмір сүруге мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Басылымның жазуынша, Әбіш Түркияда тұруға рұқсатты түрік басшысы Режеп Тайып Ердоған мен түрік арнайы қызметінің арқасында алған.

Еске салайық, экс-президент Назарбаевтың жиені Әбіш қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Қаңтар оқиғасы бойынша Әбіш қарапайым куәгер болды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега