Қоғам

«Самұрық-Қазынаның» жыл басынан бергі кірісі 7,9 триллион теңге болды

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының жыл басынан бергі кірісі 7,9 триллион теңге болды. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов президентпен кездесуінде мәлімдеді.

Фото: Ақорда

Жақыпов аталған кездесуде биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары және алдағы жұмыстарының жоспарын таныстырды. Оның айтуынша, қордың кірісі белгіленген жоспардан 7 пайызға артып,  7,9 триллион теңгені құраған.

Қор тікелей шетелдік инвестицияның катализаторына айналды. Сонымен қатар мұнай-газ химиясы, энергетика, көлік және логистика, машина жасау, цифрландыру салаларындағы жобаларға шетелдік серіктестерімен бірлесіп инвестиция құяды, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Жақыпов «Самұрық-Қазына» тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 53,5 триллион теңге болатын 130-дан астам жоба бар екенін айтты. 

Nurbike Beksultan