Қоғам

"Самұрық-Қазына" қоры Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталуына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Фото: Козачков

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта уәкілетті органдар тиісті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Қор құқық қорғау органдарына жан-жақты көмек көрсетіп, қажетті ақпарат пен материалдарды ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

"Қор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсына отырып, оларға жан-жақты жәрдем көрсетіп жатыр", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Елжас Отышиевтің ұсталғанын растаған болатын.

Айта кетейік, Нұрлан Жақыпов 2023 жылғы сәуірде "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы болып тағайындалған.

Сайт Әкімшілігі