Өңір

Сандуғаш Бекішова. Сүрлеу

Қала. Көшебойын екі қапталдан жағалай орналасқан зәулім сарайлар, жол бермей асыққанмашиналар, бір-бірінде мүлде шаруасы жоқ сан мыңдаған адамның барлығы осында.

Jasalash.kz

Ығы-жығы, қайнаған өмір. Қайдаасығады, неден қалды?.. Сан түрлі тағдыр, сан түрлі тіршілік.

Тек осы көшеніңкүнгей бағытында екі қабатты, айналасын темір қоршаумен қоршалған бір ғимаратбар. Сырттан құлақ түрген жанға  қайнағанөмір белгісі мүлде байқалмайды, жұмбақ сырын ішіне бүккен өзінше бір әлем.Мұнда сабырлық пен үміттің, өкініш пен арманның,  кешірім мен алғыстың сан саласы осынау бірарнада тоғысқан, ортақ мекен, жалғыз үйі.

Қыры  мен сырын білмек ниетпен табалдырықтан аттарболсаңыз иесіз қаңыраған сарай ма деп қалуыңыз ғажап емес. Еңселі, жап-жарық.Кіреберіс бөлмесі ұзыннан-ұзақ қос қапталдыдәлізбен жалғасқан. Айналаңың барлығы толған гүлдер.

Бірақ  бірнеше минут өткеннен соң бәрі өзгеріп салабергеніне көзіңіз жетеді. Жұмбақ мекендегі әрбір жанның патша көңілін таппақ ниетпен зыр жүгірген ақ халаттыкөмекші қыздардың жан қиярлық әрекетіне куә боласыз. Жан ұшырып жүгіреді дежүреді, тыным таппайды.

Осы көмекшіқыздардың ішіндегі ең жасы мына Айкерім. Өзі ұзын бойлы, арықша келген ақ-құбакеліншек. Жасы шамамен отыздар шамасында. Екі ұлы,  үш бірдей қызы бар. Мұнда бес жылдан беріқызмет етіп келеді. Әрбір жұмыс күні қызу тірлікпен басталады.

Бүгін деәдеттегінше табалдырықтан аттағаны сол еді жоғарғы қабаттан: «Айкерім келдің бе,қыздар қайдасыңдар» деген үн естілді. Мұны естіген Айкерім бірінші қабаттың оңжақ қапталындағы бірінші бөлмеге кірер-кірмес, ақ халатын иығына іліп екіншіқабаттың  сонау түкпіріндегі есігі ашықтұрған бөлмеге қарай беттеді. Бөлме ішіндегі жандардың жүздерінен абыржудың ізібайқалады. Біраз шаршап та қалған.

Аядайшағын  бөлменің сол жақ қапталында бірадамдық керует үстінде жасы шамамен жетпіс-жетпіс бес жастағы ана жатыр.Барлығы бөлмеге кірген бойда осы абыз қарттың хал жағдайын сұрасып, абыр-сабыркүй кешуде. Бір жағдайдың болатынын жүректері сезетіндей. Үн-түнсіз бір-бірінеқарайды да, жағалай көрші кереуетке отыра кетеді.

Осы   абыз қарттың кереуетіне жапсарласаорналасқан бір адамдық орындық үстінде басына көк оюлы тақия киген ақ құбасақалды Оспан қария отыр. Екі төсі толған ноградалар, қозғалған сайынбір-біріне жанасып сықырлап қояды.Қарияға қарама-қарсы орналасқан керуетте үшбірдей қарт адам отыр. Басына ақ жаулық тартып, сары оюлы камзол киген Сәулекүләжей, жанындағы оның зайыбы  Көрікбайатты қария. Олардың отасқандарына алпыс бес жыл болған. Бірақ Алланың жазуыменперзент сүйе алмаған. Көтерген он екі құрсағы да шетінеп, өз ұлындай асырапөсірген Қанағаты да алты жасқа жетер жепес белгісіз аурудан қайтыс болған.Екеуі де ақ көңіл, сөздеріне берік жандар. Бір-бірін көзқарастарынан-ақтүсінеді.  Нақ бір-бірі үшін жаралғанжандар дерсің. Осы екі қарияның жанында отырған аққұба арықшалау келген,мұрнының сол жақ бөлігінде дөңгелек қалы бар, сопақша жүзді Фатима әжей. Жанарымұңға толған, ашылып сөйлей бермейді.Қашан көрсең бір тұңғиық ой жетегінебатады да отырады. Зайыбы көзінің қарашығы жалғыз ұлы жол апатына ұшыраған күніжүрек талмасынан қайтыс болған.

Мына үш күнненбері төсек тартып жатқан Зере әжей. Үш бірдей перзенттің, он бірдей немереніңәжесі. Бірақ олардың ешбірін қаншама жылдан бері көрген емес. Тек оңашада сан түрліестеліктерін санасына серік етіп, қолындағы әбден тозығы жеткен бес-алты түйірсуретіне  қос жанарынан толлассызтөгілген сағынышқа толы шерлі де еріксіз жасын серік етіп мұңын шағады,сырласады. Кей күндері бірнеше күн нәр татпай балаларының суретін құшақтайды даотырады. Шалының айтқан басуларына: «О, шал-ау, осы біз қандай қателік жасадық,қолымыздан келгенше қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, аялап өсіргенедік қой, неге сонша жат бауыр болды екен? Ең болмаса келін мен немереніңарасында қара нан мен қара суға  семіріп,бір бұрышта  отырар едік қой не болды?»деп шалына мұң шағушы еді. Осы Зере әжейдің арыстай үш ұлының үлкеніБатыр.  Бір кездері қатардан кем болмасындеп тапқан-таянғанын жинап шетелге оқытқан. Қазір Лондонда тұрады, отбасы бар.Жылына бірнеше рет телефон соққаны болмаса арнайы іздеп келген емес. Екінші ұлыСабит. Мұнайлы қала Атырауда тұрады. Соңғы рет үйленіп отбасын құрғанда аналықбатасын берген. Кіші ұлы Мағжан. Осы Алматы қаласында тұрады. Күндіз түніжұмыстан қолы босамайды. Бір кездері кіші ұлы Мағжан жоғарғы оқу орнын бітіріпқалаға жұмысқа тұрғанда қуанғаннан төбелері көкке жеткен еді. Осы қуаныштанбаласы үгіттеп қоймағаннан соң ауылдағы барлық малын сатып, қалаға көшіпкелген. Кенжесін үйлендірген, барлығы басында тамаша болатын. Келіні тамақістеп үй шаруасын жасай алмаса да өз қызындай жақсы көріп, білгенінің бәрінүйреткен, дұрыс жасамаса  сабырментүсіндіріп, бетіне келмеген. Бірақ барлығы бірнеше балалы болып, ұлының  қызметі өскеннен соң басталды. Үйді сатып,үлкенірек жерге көшті. Қызмет ауыстырып, араласатын ортасы өзгерді.  Күн сайын сауда орталықтарын аралап,балаларына қарауды қойды.  Үйде біржағдай бола қалса барлық мәселенің күнәсін осы екі қарияға артып қоя бертін.Күн өткен сайын ұрыс шіркініңіз өрши түсті. Мәселенің төркіні ажырасуғакелгенде екі қария бір-біріне серік болып қарттар үйіне кетуге мәжбүр болды.Енді қайтсын. Үш бірдей немересін тірі жетім етпек пе? Амал қанша, олай жасайалмады. Ана шіркін баласының бақыты үшін қандай құрбандыққа болсын барады емеспе? Бірақ құрбандығының өтеуі тым ауыр болды. Немерелерін бір көруге зар болып,төрт қабырғада қамалып отырғандары.

Кенет бөлмеішіне Айкерім атты көмекші қыз кіріп келді. Есіктен кіре салып: «Ата, балаларыңызбен сөйлестім. Үлкен ұлыңыз жұмыста екен. Телефонды әйелі көтерді.Балаңыз жұмыстан келген бойда барлығын қаз-қалпында жеткізетіндігін айтты.Ортаншы ұлыңыздың телефоны сөндірулі екен. Хабарласа алмадым. Есесіне кішіұлыңызбен сөйлестім. Қазір оның бір маңызды шаруалары бар екен, қолы босасасоғып кететіндігін айтты» деп өзінің қуанышын жасыра  алмады. Бірақ бұл хабар атайды да, мұндаотырған ешбір жанды да қуанта алмады. Баяғы жартас сол жартас. Қанша жылданбері естіп жүргені осы  сылтау, бірәңгіме.

Осы бір сөздіестіген Зере әжей: «Эх, шіркін, қайта сендер маған қарағанда әлде қайда бақыттыекенсіңдер. Балаларым бола тұра соңғы рет болсын жүздерін көріп, шаштарынансипап, мауқымды басуды Алла тағалам маған жазбапты, амал нешік оған да көндім. Күте-күте екі көзім төртболып тірі өліктің күйін кештім.  Амалымне, неде болса тірі болсын. Бердім батамды, Аллам жолдарын оңғарып, бақыттыетсін. Әлпештеп өсірген құлындарыңың арасында күліп-ойнап ғұмыр кешуге жазсын.Оу шал-ау, естисің бе, мен бақилық болғаннан соң сүрлеу жол бойындағы сол бірүйіміздің артындағы отбасылық мазаратқа жерле. Бұл менің соңғы сөзім, аманатымболсын. Шіркін-ай сүрлеу жол бойындағы қара шаңырағымыз қандай тамаша еді,балаларымыз бен бірге небір қызықты күндерді өткізуші едік. Есіңде ме, меналғаш келін болып түскен сол көктем? Айнала толған қызылды-жасылды гүлдер еді.Қазыналы қарттар өз қызындай  шаңырағынакіргізіп  ақ батасын берген. Осыдан көпұзамай шекесі торсықтай ұл да сүйдік, өсірдік, жеткіздік. Қатардан кем болмасындедік. Өзіміз киіп жемесек те бар жақсыны соларға тостық. Еркелеттік, жолкөрсеттік, бетіне келмедік. Сонда қай жерден қандай қате жібердік» депкүрсініспен әрең-әрең тіл қатты. Дауысы бірде қарылып, бірде жартылай шықпайқалып жатты, тынысынан ауыр үн байқалады. Уақыттың сан түрлі  белгісі түскен келбеті, шүңірейген қос жанарыәбден әлсіреп қалған.

Осы сөздердіестіген ақсақал: «Кемпірім-ау, не деп кеттің? Шамалы сабыр етсеңші, бірінші ретсырқаттанып тұрғандай қара аспанды төндіргенің несі, әлі-ақ жазылып, аттайжүгіріп кетесің. Қара да тұр, аяққа тұрсаң болды, балаларымыз ауылдағы сол бірқара шаңыраққа аяғымызды жерге тигізбей бұрынғыдай қайта апарады.Тату-тәтті үлкен отбасы боламыз.Немере-шөберелер аулада әлі-ақ жарысып жүретін болады. Немерелеріңніңпешенесінен мауқың қанғанша иіскеп, өз батаңды талай бересің қара да тұр»деп  ақ сақалды қария көзінің жасынбасындағы тақиясымен сүрте бергені сол еді абыз ана мәңгілік сапарға аттаныпкете барды. Бөлме ішіндегілер қарияны сабырға шақырып, абыр-сабыр болды да қалды.

Таң атты. Зереәжені ақтық сапарға қажетті барлық жоралғыларын жасап, аманаты бойынша сүрлеужол бойындағы отбасылық мазаратқа жерледі. Бірақ үш бірдей арысы ақтық сапарғашығарып,  қабіріне топырақ тастауғакелмеді.

Балаларыныңкүйігі жегідей жеді ме тек әйтеуір Оспан қария да көп ұзамай бақилық сапарғааттанды. Қарттар үйіндегілер  Оспанатайды да аманаты бойынша ата-анасы, бауырлары және кемпірі мәңгілік пейіштапқан отбасылық мазаратқа жерледі.

Қазіргі күндеосы мазарат ішіндегі басқа қабірлерге қарағанда ерсілі қарсылы машинасытоқтамайтын мына тас жол бойына әлде қайда жақын орналасқан ата мен әжейдің қосқабірі үнсіз ғана өткен-кеткен жандарға сырын шертіп, әлде кімді күтетіндей. Қайдан күтеді, неше уақыт кімбілсін. 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега