Санитар дәрігерлер мен әкімдер кейбір блокбекеттерді қалдыруы мүмкін
Бас мемлекеттік санитардәрігерлер мен әкімдіктер коронавирус таралған аумақта блокбекеттерді қалдыруымүмкін.
Мұндай шешімдіүкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық ететін коронавирустыңтаралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.
«Басмемлекеттік санитар дәрігерлер мен әкімдіктер шешімі бойынша коронавирустаралған аумақта блокбекеттер қалдыруы мүмкін», — дейді Еаралы Тоғжанов.
Сонымен қатар,1 маусымнан бастап Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтары арасындағы,теміржол және аймақаралық жолаушылар тасымалы қалпына келтіріледі.
Жолаушылардытасымалы денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитарлық талаптарға сәйкесқатаң түрде жүзеге асырылады. Бұл талаптардың орындалуын теміржол жәнеавтовокзалдарда ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қадағалайды.
Айта кетейік, осыған дейінҚазақстанда 1 маусымнан бастап облыстар арасындағы блокбекеттер алынатынын,қазақстандықтарға басқа қалаларға өз көлігімен баруға рұқсат етілген еді.