Әлеумет

Санжар Боқаев ісі сотқа жолданды

Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Алмалы аудандық сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды.

Фото: qazpolit.org

Істің сотқа түскенін оның қорғаушысы Радмир Өтепов мәлімдеді. Ал алғашқы сот отырысының күні әзірге белгіленген жоқ.

Еске салайық, Санжар Боқаев 2026 жылғы наурызда Алматыда ұсталған. Бас прокуратураның мәліметінше, белсенді ұлттық компанияда жұмыс істеген кезінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады және заңсыз ағаш кесуді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Сайт Әкімшілігі