Саясат

Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Белсенді Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаны қамауда ұстау мерзімі 18 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Фото: qazpolit.org

 Бұл туралы белсенді Әлнұр Ілияшев Facebook-парақшасында хабарлады.

Еске салайық, Санжар Боқаев 18 наурызда ұсталған. Осылайша ол алты айға жуық уақыт қамауда отыр.

Бас прокуратураның мәліметінше, Боқаев аз қамтылған адамдарға ақша беріп, ағаш кестіруге және ұрлық жасауға тапсырыс берген деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ прокуратура оны аса ірі мөлшерде қаражатты алаяқтық жолмен иемденді, жалған ақпарат таратты және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар жариялады деп айыптаған.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі