Саясат

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот 28 қыркүйекте басталады

Алматыда қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталады.

Фото: qazpolit.org

Алғашқы отырыс 28 қыркүйек күні сағат 09:30-да Алмалы аудандық сотында өтеді. Бұл ақпаратты Боқаевтың қорғаушысы Радмир Утепов растады.

Белсендіге тергеу барысында бірнеше бап бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, аса ірі көлемде қаржы жымқыру, жалған ақпарат тарату және Баума тоғайындағы ағаштардың кесілуін ұйымдастыру туралы сөз болып отыр.

Бас прокуратураның бұған дейінгі мәліметіне сәйкес, Боқаев әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды ақшаға тартып, оларды құрылыс нысандарындағы ұрлық пен ағаш кесуге пайдаланған деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасында бұл әрекеттердің видеолары кейін әлеуметтік желілерде жарияланып, қоғамдық резонанс тудыру үшін қолданылғаны айтылған.

Санжар Боқаев наурыз айында ұсталып, кейін сот шешімімен қамауға алынған болатын.

Сайт Әкімшілігі