Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге шегерілді
Белсенді Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша 28 қыркүйекте басталуға тиіс сот процесі 16 қазанға ауыстырылды.
Бұл туралы адвокат Радмир Өтепов хабарлады.
"Жаңа ғана Санжар Боқаевтың ісі бойынша 28 қыркүйекке белгіленген сот отырысы оның Астана қаласына этаппен жіберілуіне байланысты 16 қазанға ауыстырылғанын хабарлады", – деді қорғаушы.
Бастапқыда алғашқы сот отырысы 28 қыркүйекте Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында өтуі тиіс болған. Бұған дейін Өтепов сот процесі ашық өтетінін хабарлаған еді.
Бұған дейін қорғаушылар Боқаевтың Алматыдағы тергеу изоляторынан Астанаға ауыстырылғанын мәлімдеген. Адвокат Алма Мусинаның айтуынша, онымен бірге осы істің тағы бір фигуранты – мобилограф Ұлан Нүсіпқожа да елордаға этаппен жеткізілген.