Саясат

Сапарбаев екінші рет вице-премьер болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВпремьер-министрдің орынбасарын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Jasalash.kz

Вице-премьер-министр болып Бердібек САПАРБАЕВ тағайындалды. Бұл туралы  Akorda.kz хабарлады.

Бұйрықта:

«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол ҚазақстанРеспубликасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіненбосатылсын» деп жазылған.

Бердібек Сапарбаев Қазақстан халқына танымал шенеунік. Олбұған дейін де 2014-2015 жылдары аз уақыт премьер-министрдің орынбасары болған.Тағы бір қызығы, ол бұған дейін атқарған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрі лауазымын да екі мәрте атқарған. Сонымен қатар, әр жылдары ШығысҚазақстан облысы, Ақтөбе облыстарының әкімі болған.

Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болыпбиыл ақпан айының соңында ғана тағайындалған болатын.

Фото: kapital.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега