Саясат

Сапарбаев Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барған ба?

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазан қаласына чартерлік рейспен барды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Jasalash.kz

«Бұқаралық ақпарат құралдарында Жамбыл облысының әкімдігі Тараз-Қазан рейсінің VIP ұшағына 20 миллион теңге бөлді деген ақпарат жарияланды. Бұл шындыққа жанаспайды. Әкім мемлекет қаражатына чартерлік рейспен ұшпайды. Қиын жағдай болып, дәрігер жетіспеген кезде Қазан қаласының дәрігерлерін шақырдық. Қаражат оларды елге алып келуге жұмсалды», — деді Сапарбаев баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. 

Әкімдік Қазан-Тараз-Қазан рейсі татарстандық дәрігерлердің Қазақстанға келуіне арналғанын айтты.  Олар COVID-19 және пневмонияны емдеуде тәжірибе бөлісіп, медициналық көмек көрсетуге жәрдемдескен. 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега