Әлеумет

Сапарбаевтың 90 миллионға еккен көшеттері қурап қалыпты

Ақтөбеде осыдан екіжыл бұрын егілген миллион түп көшет солайымен қурап қалған. Қаланыкөгалдандырамыз деп тал егуге 90 миллион қаржы бөлген билік оны суарып, күтіпұстауға бюджеттен ақша таппаған.

Jasalash.kz

Алайда қазір сол кезде миллиондарды бөлгізіп,тал еккізген не облыс не қала әкімі жоқ. Ақтөбенің экс-әкімі Бердібек САПАРБАЕВминистр, ал қаланың сол кездегі әкімі Ілияс ИСПАНОВ жаңа әкім ОңдасынОРАЗАЛИННІҢ командасына кіре алмай қызметінен кетті.

2017 жылы  миллион екі жүз мың жасыл көшет қаладағыәуежай маңындағы мың гектар алқапқа отырғызылыпты. Сондағылары қалаға ұшақпенкелген қонақтарға Ақтөбе деген жазуды жасыл желекпен көрсетпекші болған. Алайдақазір сол жасыл көшеттер қураған шөпке айналды. Еріктілер бұл биліктіңтабиғатқа қолдан жасаған апаты дейді.

«Біз бұл егілген көшеттердің жағдайын қаланы аралапжүргенде көрдік. Ағаштардың бәрі суарылмағаннан өліп қалған. Қаралмаған.Әйтпесе көшеттер тамырын жайып үлгерген. Қанша ақша, қанша көшет босқа кетті.Қазір біз акиматқа сұраныс жібердік. Жауаптыларды тапсын», —  дейді «Дыши Ақтөбе» қозғалысының еріктісіЕвгений ЛАЗАРЧУК.

Көшеттерден қазіртүкте қалмаған. Бәрі күнге күйіп, қуарып қалған. Биліктегілер бұл көшеттердісуарып, күтіп ұстауға мердігер компания екі миллиард теңге сұрағанын айтады.Алайда бюджетте ондай қаржы болмапты.

Облыстық таиғатты қорғау басқармасы бұл жобаәкімдіктің келісіп пішілмей жасаған дүниесі деп отыр. Сөздерінше тал екпесбұрын алдымен топырақты зерттеу керек. Мамандар кезінде осылай деп жергіліктіәкімдікке ескерткендерін де айтады.

«Әуежай аумағына миллион екі жүз түп екпелер егеміз депжоспаралаған болатын. Қазіргі таңда ол жерде бұл ағаштар толықтай шықпай қалдыдеуге болады. Бұл отырғызу технологиялары сақталмауынан болып отыр. Себебі олжерге кешіктіріліп егілді. Сосын технология бойынша бір жыл бұрын топырақтыдайындап алу керек еді», — дейді Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар жәнетабиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғабит ҚЫЛЫШБАЕВ.

Сонымен қатаржергілікті климатқа бейімделмеген екпелердің отырғызылу салдарынан болып отыр.Миллионекі жүз мың көшет отырғызуға қаланың бюджетінен 90 миллион ақша бөлініпті.Қазір жауаптылар бұл жұмсалған қаржының да шықпай қалған талдардың зая кеткеніненді мойындап отыр.

Фото: stan.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега