Сапарбаевтың ұлы да әкім болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ ұлы Жансұлтан САПАРБАЕВ Елорданың Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалыпты.
Бұл туралы Жас АЛАШ tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жансұлтан БЕРДІБЕКҰЛЫ 2019 жылдың 14 наурызынан бері Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне кіріскен. Төлеген ЗАКАРЬЯНОВТЫҢ жас орынбасары ішкі саясат және әлеуметтік салаға жауап береді екен. 28 жастағы жас шенеунік 1991 жылы дүниеге келген. Ол Лев ГУМИЛЕВ атындағы Еуразиялық Университетті аяқтаған. 2012-2014 жылдар аралығында «Қазақмыс» корпорациясында еңбек еткен. 2015 жылы «Бәйтерек» ұлттық холдингіне ауысқан.
Жансұлтан Бердібекұлы Сапарбаевтарәулетіндегі екінші әкім емес. Қазақстанның бірқатар облыстарын басқарған әкесіБердібек Сапарбаевтан бөлек әкесінің туған інісі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ та әкім.Нұрлыбек МӘШБЕКҰЛЫ Қызылорда қаласының басшысы.
Коллаж: Жас АЛАШ