Қоғам

Сапасыз жолдардың себебінен көлік оқиғасынан 542 адам қаза тапқан

Қазақстанда биыл 6 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Фото: из открытых источников

Спикердің сөзінше, жол-көлік оқиғасының негізгі себептерінің бірі – жолдар мен инфрақұрылымның жағдайы. 

«Статистика бойынша елді мекендерге жол-көлік оқиғасының 84% тиесілі. Бұл ретте адам шығынының төрттен бір бөлігі – жаяу жүргіншілерді қағып кету», - деді спикер.

Сұлтанбаевтың айтуынша, биыл жол көлік оқиғасынан 542 адам қаза тауып, 7 мыңнан астам адам жарақат алған.

Фото: ортком

Nurbike Beksultan
Тегтер: жол апаты