Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)
ӨзбекстанныңБас прокуратурасы Сардоба су қоймасына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойыншаалғашқы күдіктілердің ұсталғандығы туралы хабарлады.
«Қазіргіуақытта осы қылмыстық іс бойынша күдіктілер ретінде екі адам жауапқа тартылды,оларға қатысты қамауға алу шарасықолданылды. Ісбойынша мән-жайды анықтауға кедергі келтіретін жағдайлардың алдын алу үшін, қалғанмәліметтерді жария ету мүмкін емес», — деп хабарлады Бас прокурор Телеграммканалыарқылы.
Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырдаӨзбекстандағы Сардоба су қоймасында бөгеттің бұзылуы салдарынан 276 шаршышақырым су астында қалды, оның 76-сы Қазақстанда болды. Елде 10 елді мекен суастында қалды, эвакуацияланған тұрғындардың саны 30 мыңнан асты. Тек өсімдікшаруашылығына келтірілген зиян, алдын-ала мәліметтер бойынша, шамамен 404миллион теңгені құрады.
Өзбекстанда Сардоба фактісі бойыншаӨзбекстанның Қылмыстық кодексінің 207-бабы 1-бөлігі («қызметтік абайсыздық»)және 258-бабы 2-бөлігінің «б» тармағына сәйкес («тау-кен жұмыстарын жүргізу,құрылыс немесе жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу»)қылмыстық іс қозғалды.