Өңір

Сардоба жабық есік жағдайында талқыланды

Су ресурстары комитетінің бұрынғытөрағасы, «пара алуға оқталды» деген айыппен сотталып кеткен Ислам Әбішевтіңтүрмеде жатып, адвокаты Абзал Құспан арқылы жолдаған шұғыл мәлімдемесі елдібіраз дүрліктірді.

Jasalash.kz

Адвокаттың айтуынша, Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба суқоймасыуақтысында халықаралық шарттарды бұза отырып салынғаны былай тұрсын, құрылысжұмыстары сапасыз жүргізілген. Осы жөнінде Ислам Әбішев төраға кезіндеҚауіпсіздік кеңесіне, президент әкімшілігіне құпия хат жолдаған. Алайда бұлхатқа билік назар аудармаған.

  «Сардоба суқоймасының сапасыз салынғанынбілдік. Сол жақтың  мамандарыменбайланысымыз бар еді. Нысан  аз уақыттыңішінде салынды. Енді, міне,  соныңзардабын Қазақстан тартып отыр. Шардара суқоймасының қазіргі техникалық жағдайымәз емес. Қызметте жүрген кезімде суқоймада жөндеу жұмыстарының сапасызжүргізілгені және оның жағдайын жақсарту жөніндегі ұсынысым қабылданбады. ЕгерШардара суқоймасында апат болса, ол жолдағы Көксарай суқоймасын да өзімен алыпкетеді. Халқы тығыз қоныстанған оңтүстік өңірінің, одан бөлек, Қызылордаоблысының Аралға дейінгі аймағына қауіп төндіреді», – депті экс-төраға адвокатыарқылы жолдаған мәлімдемесінде.

Қызығы сол – содан бері қаншама күн өтсе де, атқарушы билік үнсіз. Сондабұл үнсіздік келіскендікті білдіре ме?

Жалпы, осы жолғы су тасқынында экология, геология және су шаруашылығыминистрлігіне қарасты су ресурстары комитетінің орны ойсырап қалды. Сардобадағыапат 1 мамыр күні таңғы уақытта болды. Мақтаарал ауданындағы каналдардағы судеңгейі осы күні кешкісін көтеріле бастады. Сол уақытқа дейін су ресурстарыкомитетінің мамандары Ай қарап отырды ма? Мақтааралдағы елді мекендер суастында қалып жатқан кезде де комитет басшыларының нендей әрекет жасап жатқаныжөнінде мәлімет таратылған жоқ. Басшы демекші, апаттан үш күн бұрын, 27 сәуірдекомитет төрағасы Арман Тұрлыбек қызметіненбосатылған болатын.

2 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзбекстандық әріптесі ШавкатМирзияевпен телефон арқылы тілдесті. Ақорданың сайты екі арадағы әңгіменің  «жылы жәнедостық рәуіште өткенін» хабарлады. Өткен аптадаШымкентте   Қазақстанның  экология, геология және су шаруашылығыминистрі М.Мырзағалиев Өзбекстанның су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпенкездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады. Бұл жолғы әңгіме де мейлінше достықрәуіште өрбіді.

Алдымен сөз алған Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан мен Өзбекстанның бауырласкөрші ел екенін атап өтіп, кездесуде  барлықмәселенің ортақ түсіністікпен шешілетініне сенім білдірді.

Өзбекстандық министр Шавкат Хамраев:

– Біз енді  жиірек кездесіп, әріптестікжасауымыз керек. Апат салдарымен бірге күресеміз. Екі елдің президенттеріөздерінің көрегендігінің арқасында бізді дұрыс жолға салды, – деді. Бұдан әріжиын журналистердің қатысуынсыз, жабық есік жағдайында жалғасты.

  Жиын өтіп жатқан залдан шығып,журналистерге сұхбат берген экология, геология және су шаруашылығывице-министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның Сардобасуқоймасының келешегіне қатысты ұстанымы нақты емес.

– Біз бүгін өзбектердің осыған қатысты жоспарларын тыңдаймыз. Осыдан кейін шешім қабылдаймыз, – дедівице-министр.

– Өзбекстан Сардобаны салу үшін Қазақстанның келісімін алды ма? – дегенсауалымызға ол:

– Суқойманың келісімді алмастан салынғанын ақпарат құралдарынан естігеншығарсыздар. Негізі, халықаралық шарттарда келісім алу қажет деп айтыпжатырмыз. Бірақ болар іс болды. Сардобаның келешегіне қатысты мәселені бүгінталқылаймыз, – деді.

– Шардара суқоймасына қауіп төніп тұр ма? Ислам Әбішевтің осы жөніндегімәлімдемесін білетін шығарсыз, – деген сауалға вице-министр:

– Шардара суқоймасына, Достық каналына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, –деп қысқа ғана қайырды. 

     Кейінірек министрліктің баспасөзқызметі кездесу барысында халықаралық ұйымдардың, қазақстандық сарапшылардыңкөмегімен Сардоба суқоймасына техникалық аудит жасау туралы бірлескен шешімқабылданғанын жария етті. Нысанның тағдыры осы аудиттің қорытындысымен шешіледі.Тараптар трансшекаралық су нысандарын бірлесе басқару, пайдалану жəне қорғаутуралы үкіметаралық келісімді əзірлеп, оған қол қоюға уағдаласқан және 15маусымға дейін су байланысы саласындағы ынтымақтастық мəселесі жөніндегі жол картасынəзірлеп, бекітуге келіскен.

Өзбек билігі бір емес, екі елдің халқын тасқынның астында қалдырған Сардобасуқоймасына қатысты біраз шындықты жасырып отыр. Қазір осындай пікір өзбекқоғамының өз ішінде өршіп тұр. Әлеуметтік желіде:

«Бір суқойманы дұрыстап сала алмадық, сөйте тұра атом станциясыныңқұрылысын жүргізіп жатырмыз» деген пікірлерді жиі кездестіруге болады.

Centrasia.org сайты бірқатар сарапшылардың пікірін жариялады. Мәселен,Лондон университетіндегі ғылыми қызметкер Әлішер Илхамов деген азаматтың жазуынша, осы уақытқа дейін Өзбекстанныңресми органдары Сардобаның құрылысын жүргізген бас мердігер компанияның аты-жөнінжарияламаған. Белгілісі – бас мердігер 400 миллион долларлық тендерді ұтыпалған соң, жұмысты субмердігерге табыстай салған. Бұған дейін ақпаратқұралдарында  суқойма құрылысын Өзбекстантеміржолына қарасты «Узтемирйулкурилишмонтаж» деп аталатын кәсіпорынныңжүргізгені хабарланған еді.  Алайда бұлкәсіпорын бас мердігер ме, әлде субмердігер ме, ол жағы белгісіз. Бүгінге дейінӨзбекстан билігі  Сардобадағы апатқақатысты баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап бергенжоқ. Бұл күдікті күшейте түсуде. Бірақ президент Шавкат Мирзияев кінәлілердің заңалдында қатаң жазаланатынын айтқан болатын. 

Жоғарыда келтірілген мәліметтердің шындыққа қаншалықты жанасатынын анықтауқиын. Дегенмен өзбек билігінің Сардобаға қатысты көп сырды айтпай отырғаны рас.Бұл тегін бе? Сардоба суқоймасы 2010 жылы басталып, 2017 жылы пайдалануға берілген.2017 жылы суқойманың құрылысымен танысқан Шавкат Мирзияев жасанды көлдіңайналасында жағажай туризмін, балық шаруашылығын дамыту жөніндегі жобалардыңбарын жария еткен екен. Ал бөгеттен қытайлық инвесторлардың көмегімен су электрстанциясын салу көзделген.

Сардоба суқоймасы қайта қалпына келтіріле ме, жоқ па? Егер келтірілсе, олтөменде отырған елді мекендерге, соның ішінде Түркістан облысының Мақтааралауданына тағы қауіп төндірмей ме? Бұған дейін трансшекаралық өзен-сулардыпайдалануда көп нәрседен ұтылып, зардап шеккен Қазақстан енді өз мүддесінқорғай ала ма? Бұл мәселе әзірге басы ашық күйде тұр.  

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

Түркістан облысы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега