Қоғам

Сәтқалиев: Көктемде газ бағасы көтеріледі

ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда газ бағасы көтерілетінін мәлімдеді.

Фото: www.aa.com.tr

Оның айтуынша, министрлік газ бағасын өсіруді көктемге жоспарлап отыр.  

«Бұл жерде біз жүйелі жұмыс туралы айтып отырмыз. Біз сұйытылған мұнай газының бағасын жыл сайын көтеруді жоспарлап отырмыз. Биыл аймаққа байланысты 5-8 теңге шамасында шамалы өсіруді жоспарлап отырмыз. Бұл өсім министрліктің биылғы көктемгі жоспарында», - деді Сәтқалиев Энергетика министрлігінің брифингінде.

 

Фото: www.aa.com.tr

Т. РАУШАНҰЛЫ