Әлеумет

Сауранбаевтар спорт кешенін салып берді

Әулиеаталықтарарасында «Шудан шыққан әкім көп» деген сөз бар. Жалпы, шырайлы Шу өңіріненшенеуніктер ғана емес, кең жүректі, атымтай жомарт азаматтар да көптеп шыққан.

Jasalash.kz

Шойын жолды жағалап тырмысып-тырбанып өскен шулық азаматтар бұл күндеріеліміздің әр түкпірінде, әр салада жемісті еңбек етіп жүр. Солардың біріағайынды Сауранбаевтар. Олар кіндік қандары тамған Белбасар ауылына 400 орындықмәдени-спорттық кешен салып беріп, өткен сенбі күні салтанатты жағдайдажерлестеріне тарту етті.

Өткенжылы іргетасы қаланып, қазығы қағылған кешеннің құрылыс жұмыстарын мердігер«Шебер билд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіпті. Ел игілігінеберілген заманауи мәдени-спорт кешенінің жобалық құны 500 миллион теңгеге айналған.Ендігі уақытта бұл кешенде 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде екен.

Спорткешенінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі аппаратының басшысыРүстем Дәулет жоба жетекшісі Болат Сауранбаевқа «Облысқа сіңірген еңбегі үшін»төс белгісін табыс етті. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сауранбаевтарәулетінің демеушілігімен бой көтерген бұл кешен облыстың 80 жылдығына орайпайдалануға беріліп отырған алғашқы нысан екенін айтты.

Өз кезегінде Болат Сауранбаев осынау спорт кешенінің балалар менжасөспірімдерге спортпен толыққанды айналысуға арналғанын, спорт – денсаулықтынығайтып қана қоймай, мінезді тәрбиелеу, тәртіп пен өзін-өзі жетілдіруге серпінберетінін жеткізді. Сонымен қатар, ол әрбір азамат өзінің туған елі мен жерініңкөркеюуіне тамшыдай үлес қосып, дамуына атсалысуы перзенттік парыз екенін тілгетиек етті.

Келесі кезекте Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов руханижаңғыру бағдарламасы тұрғындардың патриоттық сезімдерін оятып, жерлестерініңжұмылып жұдырық болып іске кіріскенін жеткізді. Олар «Бір жағадан бас, бір жеңненқол шығарып» туған жерін түлетуге бір кісідей атсалысуда екен.

Кешенніңжалпы ауданы 2600 шаршы метр аумақты құрайды. Екі қабатты ғимаратта шағынфутбол, баскетбол, волейбол, бокс, күрес және жаттығу секциялары орналасқан.

Соныменқатар, кешенде мәжіліс залы, әкімшілік кабинеттер, спортшылар мен кешенқонақтары үшін буфет-асханасы, 100 автокөлікке арналған көлік тұрағы да  бар.

Жалпы,Жамбыл облысының 80 жылдығына орай өңірде мәдени-тарихи, әлеуметтік, т.бсалалар бойынша 80 нысанды ел игілігіне беру көзделіп отыр.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега