Қоғам

Сайлаушылар өтініштеріне сәйкес үйден дауыс берді

Пилоттық режимде өтіп жатқан Сырдария және Шиелі ауданы әкімдерінің сайлауына қатысып жатқан халықтың белсенділігі жоғары.

Фото: из открытых источников

Таңсәріден учаскелерге ат басын тіреген сайлаушылар маңызды науқаннан тысқары қалмай, бірлік танытты.
Тұрғындар Президент бастамасын қолдай отырып, аудан әкімі болуға үмітті кандидаттарға дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Фото: из открытых источников

Бүгінгі күні екі аудан бойынша 72 мыңнан аса сайлаушы тіркелген.
Ал, дауыс беру учаскесіне келе алмаған азаматтар алдын ала өтініш білдірді. Олардың саны - 718. Сырдария ауданында – 374, Шиелі ауданында 344 адам.

Фото: из открытых источников

Есту, көру қабілеті төмен сайлаушылар үшін арнайы траферет және аудиоматериалдар қолжетімді болды.

Фото: из открытых источников

Ал, қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін бірнеше инватакси қызмет етеді. 2 аудан бойынша 5 инватакси сайлаушылар үшін жұмыс жасауда.

Айта кетейік, Сырдария ауданында 18, Шиеліде 40 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Онда 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Тегтер: сайлау әкім