Қоғам

Сегізінші сынып оқушысы мектепте оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады

Брянск қаласындағы мектептердің бірінде сегізінші сынып оқушысы сабақта оқ атып, қайғылы оқиға орын алды. Оқиға салдарынан екі адам, соның ішінде оқ атқан адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды, деп жазды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Атыс 14 жасар қыздың әкесіне тиесілі 16 калибрлі Бекас-3 аңшы мылтығы арқылы жасалған.

Mash  хабарлауынша, шабуыл кезінде балалар партаның астына тығылмақ болған, ал мұғалімдер оқушыны тыныштандыруға тырысқан, бірақ нәтиже болмаған. Телеарна сегізінші сынып оқушысын мектепте бастауыш сыныптан бері қорқытуы мүмкін екенін, қайғылы оқиғаның бір себебі осы болуы мүмкін деп хабарлайды.

Жараланған төрт адамның біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиғаға байланысты мектеп қоршауға алынып, барлық оқушылар үйлеріне жіберілді. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.

Т. РАУШАНҰЛЫ