Семей орманы өртеніп жатыр (видео)
ШығысҚазақстан облысының Бесқарағай ауданы аумағындағы «Семей орманы» мемлекеттікорман табиғи резерватында қарағайлар өртеніп жатыр,-деп хабарлайды Төтеншежағдайлар комитеті.
Өрттісөндіруге облыстық ТЖД мен «Семей орманы» табиғи резерватының 73 қызметкері мен13 техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар қызыл жалынды ауыздықтауға МИ-2тікұшағы мен ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің су шашатын құрылғысы бар МИ-8тікұшағы тартылған. Орман өртінен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы +30 градус ыстық.Бұған қоса батыстан екпіні 10 метр, кейде 14 метрге жететін жел соғып тұр.
Бүгін «Семей орманындағы» өртті өшіруге ІІМ ТЖ комитетіМИ-26Т ұшағын жіберді. Бұл дүниежүзіндегі ең ірі сериялық шығарылымдағы тік ұшақ.
Алдын-ала болжам бойынша өрттің аумағы 100 гектар.