«Семей полигонының өтемақысы 4 мың теңге ғана»
Өткен апта бойына Шығыс өңірге Мәжіліс депутаттарыбірінен кейін бірі ағылып, өздерінің «ойнап жүрмегенін» байқатып қайтты.
Тіпті,Мәжіліс спикері Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИН де әріптестерінен қалыспай алдыменӨскеменге, кейін Семейге әдейілеп ат басын бұрып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстықжайымен танысты.
Дегенмен, де қырдағыжұртшылықтың арасынан табылып, бір емес, бірнеше аудандарды аралап,сайлаушыларының талап-тілегі мен білгісі келген жайларын байыпты түсіндіре білетінМәжіліс депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасыНұртай САБИЛЬЯНОВТІҢ кездесулерін рекордтық көрсеткішке ұқсатуға болатындай.Өйткені, қаңтардың 5-інен12-іне дейінгі аралықта Көкпекті, Тарбағатай, Зайсан,Аягөз және Абай аудандарының құрамындағы барлығы 22 ауыл мен елдімекендердеболып, жұрт сұрақтарына жауап берді, мазалаған жайларына назар аударды. Әрине,оның бәріне тоқталып отыру мүмкін емес. Оның үстіне Н. Сабильянов әркездесулерін көп күттірмей әлеуметтік желідегі жеке парақшасына салып отырдыда. Анығын айтқан жөн, депутаттың сапары аталған аудан әкімдерінің әлеуметтікжелідегі парақшаларына да «азық болып», басшылар да ел көзіне түсіп, бір жасапқалды. Осы тұста айтар жайт, аудан әкімдерінің парақшаларын SMM-шілер, яболмаса, бөлім мамандары әкімнің атынан жариялап естері шығып жүргенде, Н.Сабильянов ешкімнің көмегін күтпей-ақ ұялы телефоны арқылы жазба қалдырыпжүрді. Оны Мәжіліс депутаты өзінің ел ішіндегі кездесулерін көріп, әлеуметтікжеліде пікір білдіріп, сұрағын жолдаған кім болса да, өз атынан ашылғанпарақшасынан іле-шала жауап беріп үлгеретінін де көзіміз көрді.
Абай ауданыныңорталығы – Қарауылда өткен кездесудеМәжіліс депутатына қариялар тарапынан қойылған сауал жетерлік болды. Олардың көбісіСемей ядролық сынағының зардабын тартып, дерт меңдеген денсаулығына демеу болар медициналық қызметке көңілдерітолмайтындығын білдірді.
-Мұндағы халықтың тең жартысы жасына жетпей, ауруменалысып жүргендер десем, артық айтқаным емес. Осы жердегі ауруханадан жолдамаалып, Семейге, басқа да әлеуеті зор қаланың ауруханасына барып жатайық десек,мұндағы дәрігерлерден компьютер қабылдамай жатыр немесе орын жоқ деген жауапестиміз. Әупірімдеп он-он бес күн күтіп жүріп, порталға тіркеліп, енді алаңсыземделейін деп барсаң, төрт-бес күн система салғаннан кейін одан ары ұстамай,алты айдан кейін келтеініңді айтып шығарып жібереді. Мұның қалай екенінтүсінбей сұрасаң, «заң солай, ұзақ ұстауға болмайды» деген жауап естідім. Оныңүстіне екі-үш орын бос тұрады. Сонда ауруханада орын жоқтығын айтып, біздіжолатпау қайдан шығып отыр? Түсінбеймін. Айтсам, жаманатты боламын,- депкүйінді Мағдер ақсақал.
Дәл осы тектессұрақ мазалаған Манатай БАЛТАҚАЙҰЛЫ полигон зардабын тартқан өңір тұрғындарынаэкологиялық өтемақы ретінде төленетін 4 мың теңге өте аз екендігін жәнезейнеткерлікке шығу жасын төмендету мәселесін қарастыратын уақыт жеткенінайтып, көпшілік ойын жеткізді.
Одан өзге де сұрақиелеріне құлақ түрген Мәжіліс депутаты Н. Сабильянов Мағдер ақсақалдың айтқанмәселесі қараусыз қалмайтындығын, порталға тіркелудің қиындық тудырғаны, бірнеше тәулік қана жатқызып, дәрігерлердіңалты айдан кейін келу керектігін айтуы қисынға келмейтіндігін мәлімдей отырып, бұлжағдайды Денсаулық сақтау министрлігінің назарына тікелей ұсынатындығынжеткізді. Сонымен бірге Абай ауданы Семей ядролық сынақ полигонына жақынорналасқандықтан, төтенше радиациялық аумаққа жататындықтан, тұрғындарыныңденсаулығы ұдайы Үкімет назарында тұратындығын, қолданысқа енетін МӘМС(міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) қызметінде де бірқатар жайларқарастырылғандығын атап өтті.
Бірнеше күн бойынашалғайдағы ауылдарға да барып, қырдағы жұрттың тұрмысына қаныққан НұртайСалихұлынан Мәжіліс депутаттығына сайлаған өңірден көрген-түйгенін ортағасалуын сұрадық.
— Шығыс өңірдің көптеген ауылдарын аралап жүргенімде, үшмәселе үнемі алдымнан шығады да тұрады. Біріншісі -қаладағыдай ауданорталықтарынан көп қабатты үй салу ауадай қажет болса да күні бүгінге дейінқолға алынбаған. Аягөз, Қарауыл, Ақсуат сияқты аудан орталықтарында бюджетқаражатына бірде-бір тұрғын үй салынбағалы 28 жылдың жүзі болды. Ал, облысбойынша 32 мың азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Асханасы, спортзалы жоқмектептер жүздеп саналады. Расы керек, ауылға деген әлеуметтік қамқорлықтыңжайы сын көтермейді. Осыдан барып екінші мәселе – интернетпен қамтылуы, ұялыбайланыс қызметіне зәрулік қатты байқалып отыр. Абай ауданының үш ауылында–Медеу, Саржал, Тоқтамыс ауылдары тұрғындарының өркениеттен тыс қалып отырғаныАбайдың 175 жылдығы өткелі жатқанда әлемдік ақпарат жүйесінен тыс қалыпотырғаны кімнің болсын, жанына батады. Интернетсіз ауылдар Шығыста аз емес,жалпы. Одан кейін жолдардың салынуы мен ауыз сумен қамтамасыз етудің созылыпкеткені оған бөлінген миллиардтаған қаражаттың өз мақсатына жетпегендігініңдәлелі. Жұмысты жергілікті атқарушы биліктің дұрыс ұйымдастыруға назараударғаннан гөрі мердігер компаниялармен ым-жымдары бір болуы ауылдағы жұртқазиянын тигізіп отыр. Әсіресе, Аягөз ауылдарындағы ауыз су жайының дұрысшешілмеуінен осындай олқылықтар орын алып отыр. Жылда жолдарға қыруар қаражатбөлініп жатқандай болады. Ал, осы жолы байқадым: Зайсан-Шілікті, Аягөз-Қарауыл,Тарбағатай-Қызылкесік сияқтыреспубликалық маңызы бар жолдардың 60 шақырымында асфальт жоқ. Көкпектіауданындағы Үлгілі малшы, Көкжайық, Тассай ауылдарына апаратын жолдардың тозығыжеткенін жолы түскен адам ғана біледі,-дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Сабильянов.