Семейде жерасты жолдарының жыры бітпейді
ССемейдегі жерастыжолдарына тоқталмас бұрын, өткен жылдың жазында ғана пайдалануға берілгенМұхамедханов көшесіндегі жерүсті өткелін баяндайық.
Бүгінде қала тұрғындарыамалсыздан пайдаланып жүрген, қалалық әкімдіктен таяқт тастам жердегі осыкөпірдің көңілден шығатыны шамалы. Жасы келген адамдарға жолдың қарсы бетінеөту үшін үш қабатты үйдің биіктігімен шамалас көпірдің баспалдақтарымен өрлеп,қайта төмен түскенше, діңкесі құрып бітеді. Ал мүмкіндігі шектеулі адамдарғаарналған жеделсаты көбіне жабық тұрады. Жеделсаты пайдаланып, сол көпірдіңигілігін көріп жүрген мүгедектің қарасы көрінбейді. Бұл көпірдің тағы біржұртқа қиын тигені – сағат 22-00 ден соң тарс жабылып қалатыны. Одан кейінтұрғындар 10-15 метр жердегі жаяу жүргіншілерге арналған тұстан өтуіне туракеледі. Бір сөзбен айтқанда, бұл көпір қала тұрғындарының мұқтаждығынантұрғызылған жоқ. Құрылысының өзі үш жылға созылып әрең біткен нысанның жолынатөселген киіз қаптамалары да жыртылып, сұрқы қаша бастаған соң, тұтастайсыпырып алыныпты.
Ал дәл осы көшеніңбойындағы «Рахат» дүкені» (ЦУМ) аялдамасының түбіндегі жерасты жолы былтыртәп-тәуір жөндеуден өткендей болған. Алайда, бюджеттен бөлінген қаражат ішкібөліктер мен түсеберіс маңдайшаны жаңартуға ғана жеткен сыңайлы. Албаспалдақтары қақырап, «баяғы жартас бір жартас» қалпында қала бергенінесемейліктер күнделікті куә болып жүр. Бұрындары жазда жаңбыр жауса, асты көлгеайналып, өтудің машақаты айға созылған «қызықтар» да болған.
Айтпақшы, қалабилігі мұндағы жерасты жолының биыл толықтай жөндеуден өтетіні жайында бір жапырақескертпе қағазын жапсырған сияқты болатын. Жел ұшырды ма, біреу әдейілеп жұлыпәкетті ме, сол бір хабарлама ай-күннің аманында қолды болды да кетті. Ендіонсыз да шала біткен шаруаның ендігі нүктесі қашан қойылары белгісіз.
— Мұхамедханов көшесіндегі жерүсті көпірініңжалпы қаржылық сметалық құны 45 млн теңгеге бағаланған болатын. Алғашында осынысанды салып бітіру міндеттелген компания жұмысты дұрыс жүргізе алмауысалдарынан мерзімінде аяқталуы созылып кетті. Кейін қайтадан байқау жариялауғамәжбүр болдық. Үш рет жарияланған байқауда мердігер компания табыла қойған жоқ.Есесіне облыстық мәслихат депутаты, «Металлист» ЖШС басшысы Айдос Серікқалиұлыары қарайғы шаруаны өз бақылауына алып, өткен жылы пайдалануға берілді. Көпірдіңегде жастағы адамдар үшін қиын тиетіні рас. Бірақ, бұл о баста 6-мектеп-гимназияоқушыларының көшенің қарсы бетіне өтуі үшін тұрғызылған болатын. Бұл нысандыкешкі 22-00-ден кейін жаппасақ болмайды. Өйткені, көше тәртібін сақтамайтынбұзақылар талқандап кетуі әбден мүмкін. Ал «Рахат» аялдамасы жанындағы жерастыөткеліне қазір- қаражат қарастырылу үстінде. Өткен жылы біраз жұмыстаратқарылды. Ал баспалдақтарын жаңарту қаражаттың табылуына байланысты, — дейдіС. Жұманов.
Бөлім басшысыныңсөзінен ұққанымыз – жерасты жолдарының барлығын бірдей жыл ішінде жөндеп шығумүмкін емес. Бір қуантарлығы биыл Шәкәрім даңғылы бойындағы жерасты жолыжөнделіп, жаңартылатын болады. Дегенмен, сөз реті келгенде айтып өтейік, бұлжерде де көше әншілерінің «концертіне» куә болуға тура келеді. Жалбырап тұрғанжарық сымдары көзге қораш әрі қорқынышты көрінеді. Одан қалса, әлсіз жарықбірінде бар болса, бірінде жоқ. Үлкен көшенің қарсы бетімен жүру үшін еріксізосы жер асты жолына түсетін қала тұрғындары қолқаны қабар иісті «құшырлана»жұтып, одан қалса, көше әншілерінің «концертін» тамашалап, тіпті, тіленшілергеде тиын тастап өтуге мәжбүр. Одан қалса, шашылған қоқыстар, босаған ыдыстарқадам басқан сайын балақтан ала түседі.
Қабанбай батыркөшесінің орталық базармен өтетін тұсындағы жерасты жолының кіреберісі де, шығаберісі де қайыр сұрайтындардың мекеніне айналғалы қашан. Тіпті, кейде бұл жердеСемей полигонының зардабын тартқан туабітті мүгедек Беріктің де тұра қалатыныбар. Кейде дауысы тамаша бір қазақ жігіті келіп, сағаттап мұңлы әндерді шырқайтынында көріп жүрміз. Айтпақшы, тіленшілер мен әншілерден басқа жерасты жолындағыаралық орын бірқатар кәсіпкерлердің саудадан табар нәпақасына жарап тұр.
— Бұл жердебарлығымыз да орынды әкімдіктен жалға алып, 20 жылдан бері тұрақты пайдаланыпотырмыз, — дейді жеке кәсіпкер Әмина ханым (өз өтінішімен кейіпкер атыөзгертілді. – Авт.).- Менде ай сайынғы жалға алу құны – 48 мың теңге.Баспалдақтың жолынан орын алғандардың төлейтіні – 25 мың теңге шамасында. Жерастына тартылған жарық пен дабыл қоңырауы, тағы да басқа қызметтер үшін жалпыжиыны шығынымыз 100 мың теңгеге дейін шығады.
Кәсіпкердіңайтуынша, әкімдік енді өту жолындағы сынған, кетілген тұстарды, шұңқырлардытегістеуді де сұрап отыр. Яғни, жер асты жолын күтіп ұстау жалға алғанкәсіпкерлердің міндетінде болады.
Жалпы, Семейде 8 жер асты жолы бар. Оның үшеуіжеке кәсіпкерлерге жалға берілген. Көпшілік жиі пайдаланатын орталық аумақтағыүшеуінің халі осындай. Қалған бесеуінің үшеуі осыдан 20 жыл бұрын пайдалануғаберілген жаңа көпірдің арқасында пайда болды. Көпірдің өзі бозбаланың жасынанасқанда, олардың халі қандай екенін тәптіштей түсіндірудің қажеті жоқ.Қабырғалары айқыш-ұйқыш жазумен «өрнектелген».
Айтпағымыз — қалабилігінің жерасты жолдарының күтіміне, тазалығына назар аударатын уақыт әлдеқашанжеткен. Шығыс кентіне апаратын Өскемен көшесіндегі жерасты жолы «қайран 25-тің»жасынан асты. Жер үстімен өтетін көпірді тұрғындар игілігіне әупірімдеп бергенәкімдік бұл жақтағы жерасты жолына қашан жететіні өздеріне ғана мәлім. Қымбаткөліктерінен бір сәт түсіп көрмеген басшыларды бұл мәселеден бейхабар деуге деболмас. Қала тазалығын сақтауға шақыратын әдемі билбордтарды дәл біз айтқанМұхамедханов, Қабанбай батыр көшелері, Шәкәрім даңғылына да орнатқан жергіліктіатқарушы билік таяқ тастам жердегі жерасты жолдарының ахуалына зер салса,сөзімізді қор етпес едік… Көшелерді жөндеуге жыл сайын бюджеттің миллиондағанқаржысын жұмсайтын қала шенеуніктерінің бұған келгенде неге тиын-тебен табаалмай қалатыны түсініксіз.