Қоғам

"Семей орманында" ағаш кесуге рұқсат берген лауазымды тұлғалар тексеріліп жатыр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратурамен бірлесіп, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесті.

Фото: ҰҚК

ҰҚК мәліметінше, тергеу барысында іс фигуранттары ағаштарды жаппай заңсыз кесу және кейін өткізуге бағытталған тұрақты схема ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, олар ақшалай сыйақы үшін орманның коммерциялық тұрғыдан құнды учаскелеріне кедергісіз кіруге жағдай жасаған.

Тінту кезінде бухгалтерлік құжаттар, ағаш кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолжазба жазбалар, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдер тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеуге қатысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

Сайт Әкімшілігі