Семейде 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
Семей қаласында 11-сынып оқушысы көз жұмды. Ішкі істер министрлігі қайғылы жағдайды растады.
Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Informburo.kz мәліметінше, жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен.
Осы қайғылы оқиғадан кейін Оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіздігін қорғау мәселесін тағы да көтерді.
Атап айтқанда, балаларды ересектер тарапынан болуы мүмкін қысым мен буллингтен қорғау мәселесіне назар аударылмақ.