Қоғам

Семейде құрылыс алаңынан адам сүйегі табылды

Семей қаласында бұрынғы «Пищевик» стадионының орнында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде адамның қаңқасы табылды.

Фото: видео-скрин

Мәліметке сәйкес, жаңа спорт кешені салынуы жоспарланған аумақта жер қазу жұмыстары барысында сүйек қалдықтарын жергілікті тұрғын байқап, бұл туралы тиісті органдарға хабарлаған.

Оқиға орнына барған мамандар табылған қалдықтардың адам сүйектері екенін растады. Осыған байланысты құрылыс пен жер қазу жұмыстары бірден тоқтатылды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылып, табылған сүйек қалдықтары олардың шығу тегін және өзге де мән-жайларды анықтау үшін криминалистикалық сараптамаға жіберіледі.

Құзырлы органдар барлық процессуалдық әрекеттерді аяқтап, тиісті рұқсат бергеннен кейін ғана құрылыс жұмыстары қайта жалғасады.

Сайт Әкімшілігі