Семейде көліктің капотына мініп, жол ережесін бұзған жастар жазаланды
Семейде полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші мен жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Қарағайлы шағын ауданында болған. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Toyota RAV4 қозғалыстағы автокөліктің капотында жолаушының отырған бейнежазбасын анықтады. Оларлың жеке басы жедел анықталды.
Көлік тізгінінде қаланың 22 жастағы тұрғыны болған. Ол жолаушыны көліктің салонынан тыс тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, қозғалыс кезінде автокөліктің капотында отырған 24 жастағы жолаушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.