Әлеумет

Семейлік дәрігерлер 47 жастағы әйелден 6 келілік ісікті алып тастады

Семейлік дәрігерлер 47 жастағы әйелге күрделі ота жасап, 6 келілік ісікті алып тастады.

Ядролық медицина және онкология орталығы

47 жастағы науқас ұзақ уақыт бойы гинекологтың профилактикалық тексеруінен өтпеген. Соның салдарынан дерт жасырын түрде дамып, еш белгі бермеген.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелге сол жақ аналық бездің муцинозды шекаралық ісігі диагнозы қойылған. Бұл диагноздың айқын белгілер байқалмайды, сондықтан адам ұзақ уақыт бойы қалыпты өмір сүре береді.

Ісік кездейсоқ анықталған. Ақпан айында әйел пневмониямен ауруханаға түскен. Қосымша тексерулер барысында дәрігерлер аналық безінде үлкен ісік барын байқаған.

Ота кезінде алдымен науқастың құрсақ қуысынан шамамен 7 литр сұйықтық шығарылды. Кейін диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6,2 келі болатын ісік алынды.

Қазіргі таңда пациенттің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Ол дәрігерлердің бақылауында болып, қалпына келу кезеңінен өтуде.

Сайт Әкімшілігі