Саясат

Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Жас Алаш Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Jasalash.kz

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «кісі өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайды», — деп  хабарлады Астана қаласы полиция департаменті.

Бастапқыда «анафилактикалық шок» диагнозы қойылған. Алайда Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өлімге жүрек талмасы себеп болғанын хабарлады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега