Әлеумет

Сенсация! Испанияны басып оздық

Әлемдікрейтингте Қазақстан «Парақорлық және сыбайлас жемқорлық» көрсеткіші бойынша 10ұпайға көтерілді, деп хабарлайды Zhasalash.kzҚРМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің баспасөзқызметіне сілтеме жасап.

Jasalash.kz

Қазақстанның аталғандеңгейге көтерілуіге мына факторлар ықпал еткен: «Экономиканыңжағдайы» (+4 позиция), «Үкіметтің тиімділігі» (+4), «Бизнес тиімділігі» (+5).

Анықтама:Әр индикатор бірдей салмаққа ие. Есепте Біріккен Ұлттар Ұйымы, Экономикалық Ынтымақтастықжәне Даму Ұйымы, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы, Дүниежүзілік Банк, ХалықаралықВалюта Қоры және басқа да институттар, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша 57 серіктесмекемелері бар халықаралық ұйымдардың деректерін пайдаланады. Осы зерттеулерменайналысатын елдердегі іскерлік ахуал аналитиктердің пікірлері, ірікорпорациялардың басшылары мен басқарушы мамандардың пікірлері негізіндебағаланады.

«Үкіметтіңтиімділігі» факторы бойынша Қазақстанның позициясының айтарлықтай жақсаруына«Сауалнама» деректері негізінде есептелетін «Парақорлықжәне сыбайлас жемқорлық» индикаторы арқылы қол жеткізілді (респонденттер компаниялардыңбизнес көшбасшылары).

Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 2018 жылмен салыстырғанда 39-орыннан10-орынға көтеріліп, 29-шы орынға ие болған.

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ресми сайтында«2019жылы Қазақстанның осы көрсеткіш бойынша нәтижелері жақсы, себебі 2008жылдан бері ел IMD рейтингінде» делінген.

Бұл ТМД елдерінің арасында жақсы нәтиже. Сонымен қатар,Қазақстан Оңтүстік Корея (30-орын), Израиль (32), Қытай (35), Испания (40),Чехия (41) сияқты елдерден алда келеді.

Сайттамұндай көрсеткішке Қазақстан тұңғыш президенттіңсыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жүйелі бағдарламасы аясында жеткені дежазылған.

Фото: veseloeradio.ru

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега