Саясат

Сергей Компаниец Қазақстанның оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан үкіметінің қаулысымен Сергей Компаниец оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

Сергей Компаниец 2024 жылдың ақпан айынан бері Президент істері басқармасына қарасты Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында басшының орынбасары қызметін атқарған.

Оған дейін, 2020–2024 жылдары Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі, Turkistan арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы басқарма төрағасының орынбасары, AMANAT партиясы орталық аппаратының ақпараттық технологиялар орталығының жетекшісі, Қазақстан ГИС Центр АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Ал 2015–2020 жылдары коммерциялық құрылымдарда, Шымкент қаласы әкімдігі аппаратында жұмыс істеп, СПК Shymkent АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған.

Сайт Әкімшілігі