Серікжан Мүрасылов. Қарауыл
Кімнің күні қарақаттайдейсің? Біреуге ақша, біреуге уақыт жетпейді. Бірақ осылардан да қымбат –отбасы мен денсаулықты ешкім ешқайдантауып бермейді.
Осындай орман оймен жылы орыннан жылжып кеткен еді. Бұрынғыбашылыққа бір табан жақын жайлы жұмысында жік шығып, басын қуғынға салғаны үшінқолын бір сілтеген. Содан бері соры ма, бағы ма түсінбес түнек оймен қаланыбетке ала берді.
Қағажу көңілінқалтасындағы аз ақша одан әрмен ауырлатып жіберді. Жолай жолыққан дүңгіршектенбір бума газет алды. Жарнамасы жалт-жұлт. Еміне қарап отыр. Әйтеуір қос қолғажұмыс болса дейді. Кез-келген жазуға бір шұқшиып, қажетін қаламмен дөңгелектепқойды. Қалтафонын алып, біріне телефон соқты. Орыс жігіті екен: «Ертең жұмысқакел. Алдымен рең басыңды көрейін», – деді. Қыртысталған қабағы ашылып, шаруасы шалқығандай көңілденіп кетті.
Ертесі айтқан жерінде,айтқан уақытында болды. Алматының алма бағын отап жота-жонға жыпырлата салғанеңселі үйлердің алдына тоқтады. Биікқақпаның ар жағынан қарынды орыс шығып, мұның бас-аяғын көзбен тінте қарап,жарайсың дегендей емеурін танытты. «Күндік ақшаңды апта аяғында аласың. Әрсменаң 5000 теңге. Қолма-қол», – деді.Келісе кеткен ол бүгіннен шаруаға кірісті. Алдында тұрған ағылшынныңкиноларындағыдай үлгідегі бес бірдей үй қарауында. Тырс еткен пенде көрінбейді. Әйтеуір өлі тыныштық. Анда-мұндашетел көліктері келіп кетіп жатады. Шеткеректегі үй әлде бір мықтыныкі екенінжәңегі орыс желдіріп айтып еді. «Көзіңді қақпадан алма. Бөгде адам кірмесін.Мына пульт осы үйдің есігінікі. Сақ бол, сергек бол!»
Содан бері жайланып отыра алсашы. Бір кезде сүліктей қара шетел көліктері қақпаны көздейалдына тоқтады. Жүгіріп жанына барды. Көлік терезесін төмен түсіріп, ішінен шашы иығына төгілген бір шал ерін ұшыменесендесті. Әйтеуір қазақ екен деп іші жылып салғанмен мына сөзіне тіксініпқалды.
– Күнде ауысасыңдар. Жаңақарауылға түсіндіруден шаршадым. Мына үйге менен, менің төрт көлігімнен басқаешкім аттап баспасын. Сосын, түңгі бір-екіде қақпаны ашып, үйді шыр айлана қарап шығасың. Ананың салығы,мынаның салығы деп әкімшіліктен келгендерді тіптен жолатпа. Оларға ақшатөлейтін, жалпы мемлекетке салық аударатын мен емес. Мен мемлекетке барымдыберген адаммын. Ешкім жоқ де. Ұқтың ба?– деді де, қақпаны ашуға бұйырды. Олойланып қалды. Сәлден кейін айтқандай әкімшілік қызметкерлері жетті.
– Мына үйдің иесі келдіме? – деді, қарауыл: «жоқ!» – деді.
– Қанша жыл болды,азғантай ғана мемлекетке салық аударады, соның өзін бермей берекеміздіқашырады.
– Кешіріңіз жұмысым емес,дегенмен бұ кісі кім өзі?» – деді қарауыл.
– Әлгі, министр болған,онда да президент әкімшілігінде істеген абыройлы кісі» – дей салды, керенауқолын сілтеп. Сөйтті де бірнеше төлемқағаздарды қарауылға ұстатып, жөндеріне кетті.
Кеш батты. Тау жақ суықболады. Қала деп жеңіл киіне салғанына жыны келді. Жарқырай жанған үйлердің терезесінен ұшқындаған сәулегеқарап, одан әрмен жаурады. Көзі жылтырап сағатына түсті. Сағат түнгі 10 болдыдегенде, тағы да бір көлік келіп тоқтады. Ішінен араққа сылқия тойған ұзынтырабіреу тәнтіреңдей түсті.
– Ей! – деді, айқайлап, – Меңіреубоп қалғансың ба? Әлде таяқ тілеп тұрсың ба? – деді қышқырып. Ештеңе түсінбегенқарауыл жақындап барды. Қарқ-қарқ етіп күлген әлгі, тағы да ма дегендейқарауылға қадала қарады.
– Анау тұрған менің үйім.Күнде болмаса да, түнде ішіп келем. Өйткені шаршаймын. Түсінесің бе, шаршаймын.Жауым көп. Мына сарай жауларымның ақшасына тұрғызылған. Менің жауым білесің бе?Халық, халық! – деді, саусағымен қарауылдың кеудесін нұқып.
– Жасырмаймын. Сол үшінхалық өлтіріп кетуі мүмкін. Сен мені қорғай аласың ба? – деді қарауылға.Қарауыл әрине, міндетім ғой дегендей басын изей берді. Сөйтіп, әлгі мастысүйрелей есік алдына жеткізіп салды.
Таңды көзімен атыратынадам үшін сағат шіркін де жылжымайды-ау. Әр тапанын санап, әрең дегенде түңгі12-ні болдырды. Есінен бір шықпаған шатақ шалдың айтқан бұйымтайын орындамаққақолына фанарь алып, пультпен қақпаны ашты. Қақпаның ар жағы басқа бір әлемгеенгендей. Тас төселген тегіс жол ақ мәрмәрмен қапталған абажадай үйге апарадыекен. Қарауыл жан-жағына жалтақтай қарап алға басты. Самсаған шолақ шамдаржолдың екі жанын жарқыратып, айналаны айшықтап тұр. Бақша, алаңқайларға ақырған арыстанның, шүйліккен бүркіттің,тропикалық аң-құстардың кескінделген мүсіні қойлыпты. Әр жерге егілген адамбойындай гавай аралдарында өсетін жасанды пальма ағаштары мен жапырақтыөсімдіктері көрік бергендей көз тартады. Қарауыл үйге жақындап, шал айтқанындайесік алдын, жан-жағын қалдырмай адақтап шықты. Пәледен қорқатындай қауіп жоқ.Қартайғанда жан тәттінің кері ғой деген қарауыл күбірлей, күңкілдей керіайланды.
Сыртқа шықса үстіне қымбаткиім киген бір жас жігіт мұның кішкентай үйшігіне кіріп алып, бірдеңегемықшыңдап жатыр. Айналасына алақ-жұлақ етеді. Әлгі неме қарауылды көре салып,уысындағы ақ затты тыға қойды.
– Сен кімсің ей? –деді қарауылға қорқа қарап.
– Мен жаңадан келгенқарауылмын!– деді, қатқыл үнмен. Ә, дегендей әлгі жігіт тынысы кеңіп,дірілдеген қолдарын үстел үстіне қойды. Қойды да:
– Батя біліп қоймасын, менанау шеттегі жасыл шатырлы үйдің ұлымын. Брат, түсінесің ғой, аздап көңілкөтеріп, мынадан ұрып алмасам, вообще қызықсыз маған–деді де, уысындағы ұнтақтысуға қосып, шприцпен, тамырына пісіп алды.
Жаны жабырқаған қаруылмына көріністен кейін мына жұмыста байласа адам тұрмасын түсінді. Әлгі нашақорболса есін жоғалтып, ыржақтап, аяқ-қолы ербеңдеп, кереге жағалап жүріп жоқболды.
Сағат таңғы бестікөрсетеді. Ұйқы қысқан қарауыл шайға деп қойған сумен бетін шайып, үйлердің алдын арлы-берлі аралады. Байлардыңшалқыма өміріне сырттай қызыққаны бекершілік екен. Текке келіп, текке кететінақшаның буына мастанған олардың күні шын мәнінде осылай басталып, осылайаяқтала ма деген оймаза аузына Алланысалды. «Шүкір, тәубе» –деді. Тас қаланың тасмаңдай тірлігінің түбі мағынасыз,мәнсіз екеніне жаны жабырқап, алтын бесік ауылынан алыстап кеткеніне көзіне жаскелді.
Құдайдың тағы бір таңыалаңмен атты. Кеуде, басын сипалап, осы таңды көрсеткен Аллаға шүкірлік айтты.Қызарған көзін уқалап, үйіне жетуге асықты. Үйдегі жарын, жан баласын көругеқұмартты. Алайда жұмыстың аты жұмыс. Кешегі көріністен арыла алмай тұрған айқұш-ұйқыш ойын, шатақ шалдың көлік дабылыбұзды. Жүгіріп барып, қақпаны ашып, әкімдіктің адамдары тастап кеткен төлемқағаздарды шалға ұстатты. Қарауылдың бұл қылығын жақтырмағандай ежірейе қарап,әлгі қағаздарды жыртып, желге шашып жіберді.
– Екінші мына қылығыңдыкөрмейін. Мен мемлекетке салық төлеуге қақым жоқ! – деп жүріп кетті.
Қу құлқынның құлдары-ай!Баламыздың аузынан жырып ішкен суыңа, жаққан жарығыңа, басқан жеріңе, жалдағанбаспанаңа ақша төлеумен өтетін өкпек желдей өміріңе өкпелеп жүріп өліпқалғаныңды білмей де қаласың. Неткен әділетсіз өмір? Неткен тасбауыр қоғам?Неткен аяусыз адамдар? Қарауыл басын шайқай берді. Шылыққа толы қала шындығыныңшетін көргеніне және оған ешшарасыздығына налыды. Халық пен биліктің арасындағы көзге көрінбес – дуалды нехалық, не билік құлата алмасына жаны ауырды. Мынау тұрған бес бірдей даңғара үйдің қабырғасынақаншама халықтың қарғысы мен көз жасы, запыран зары қоса қаланды екендесеңізші.